× Жабу
Ғаламдық сайтқа өту
Image

Денигма таб. 20мг №140

Шығарылу түрі:
Таблеткалар
Белсенді зат:
Мемантин
Қолдану нұсқаулары
Тауар сипаттамасы
Қолдану көрсеткіштері

Орташа және ауыр дәрежелі Альцгеймер ауруы

Медициналық қолдану бойынша қысқартылған нұсқаулар

Денигма® таблеткалары препаратын медициналық қолдану бойынша қысқартылған нұсқаулық. 

Қолдану тәсілі және дозасы:

Ең жоғары тәуліктік доза 20 мг құрайды. Теріс реакциялардың пайда болу қаупін төмендету мақсатында демеуші дозаны алғашқы 3 апта ішінде дозаны біртіндеп аптасына 5 мг-ға арттыру жолымен келесі түрде айқындайды:

  • 1-ші апта (1-7 күн): апта бойы тәулігіне 5 мг қабылдау;
  • 2-ші апта (8-14 күн): апта бойы тәулігіне 10 мг қабылдау;
  • 3-ші апта (15-21 күн): апта бойы тәулігіне 15 мг қабылдау;
  • 4-ші аптадан бастап: күн сайын тәулігіне 20 мг қабылдау.

Ұсынылатын демеуші доза тәулігіне 20 мг құрайды.

Қолдануға болмайтын жағдайлар: әсер етуші затқа немесе қосымша заттарының кез келгеніне аса жоғары сезімталдық; бауыр функциясының айқын бұзылуы; жүктілік және лактация кезеңі; 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер;