Хипотел® таб. 80 мг
Шығарылу түрі:
Таблеткалар
Халықаралық патенттелмеген атауы:
Телмисартан
Қолданылуы
Гипертензия
• Ересектерде эссенциалды гипертензияны емдеу.
Жүрек-қантамыр ауруларының алдын алу
• Жүрек-қантамыр аурушаңдығын мынадай пациенттерде төмендету:
- манифестік атеротромбоздық жүрек-қантамыр аурулары (жүректің ишемиялық ауруы, инсульт немесе анамнезіндегі шеткері артериялардың зақымдануы) бар
- нысана-ағзалары зақымданғаны құжатталған ІІ типті қант диабеті бар пациенттерде
Қолдану жөніндегі нұсқаулар:
Артериялық гипертензияны емдеу
Әдеттегі тиімді доза тәулігіне 40 мг құрайды. Кейбір пациенттерге тәулігіне 20 мг доза жеткілікті болуы мүмкін. Артериялық қысымның қалаған деңгейіне қол жеткізілмеген жағдайда телмисартанның дозасын тәулігіне 1 рет 80 мг дейін арттыруға болады. Баламалы түрде телмисартанды гидрохлортиазид сияқты тиазидті диуретиктермен біріктіріп тағайындауға болады, ол телмисартанмен бірге қолданғанда артериялық қысымның қосымша төмендеуін көрсетті. Дозаны арттыру қажет болған жағдайда ең жоғары гипертензияға қарсы әсеріне жалпы алғанда ем басталғаннан кейін 4-8 аптадан соң жететінін ескеру керек.
Жүрек-қантамыр ауруларының профилактикасы
Ұсынылған доза тәулігіне 1 рет 80 мг құрайды.