KUSUM Қазақстанда 2001 жылдан бастап, міне 20 жылдан астам уақыт бойы өзінің табысты қызметін жүргізіп келеді.
Компанияда қазақстанның кеңсесі ашылған сәттен бері бизнес құрылымында, басқару жүйесінде, корпоративтік мәдениетте өзгеріс көп болды. Бірақ қазіргі заманғы шығарылатын өнімнің сапасын бақылау жүйесінің ең жоғары стандарттары өзгеріссіз қалады. Біз өзіміздің іскерлік беделімізді қадірлейміз әрі серіктестермен және клиенттермен өзара тиімді сенімді қарым-қатынас құрамыз.
KUSUM ұжымға талантты адамдарды тарту және оларды ұстап тұру үшін жайлы, ұйымшыл және тұрақты жұмыс жағдайын ұсынады. Біз ашық әрі еркін қарым-қатынасты қолдаймыз және әріптестеріміздің идеяларына әркез көңіл аударамыз. Қызметкерлердің көпшілігі компанияда 15 жылдан астам жұмыс істейді. Компанияның әр қызметкері үшін лайықты еңбек жағдайын жасаймыз және жоғары білікті мамандарды тарта отырып, сырттай және өз ішімізде оқытамыз. Біздің қызметкерлеріміз күн сайын өз біліктілігін, құзыреттілігін, шеберлігі мен дағдыларын арттыра отырып даму үстінде.
Компания корпоративтік мәдениетке аса көңіл бөледі. Компанияның өмірі жарқын оқиғаларға толы. Циклдық кеңестер, табиғат аясына саяхаттау, тимбилдинг, кәсіби мерекелер, жүзден астам адам қатысатын корпоративтік іс-шаралар біздің дәстүрімізге айналды. Жыл соңында жаңа жылдық мерекеде біз компанияның дамуына өз үлесін қосқан үздік қызметкерлерді алғыс хатпен және сыйлықтармен марапаттаймыз. Сондай-ақ, компанияда 10-15 жылдан астам жұмыс істеген қызметкерлерді күміс және алтын төс белгілерімен марапаттау рәсімі өткізіледі.
Біз нарықтағы өз іскерлік беделімізді бағалаймыз, сондай-ақ серіктестермен және клиенттермен сенімді қарым-қатынас жасауға ұмтыламыз.
KUSUM кепілдік береді: