Форсанек® таб. 60 мг №28

Шығарылу түрі:

Таблеткалар

Халықаралық патенттелмеген атауы:

Эторикоксиб

Қолданылуы

Ересектерге және 16 жастан асқан жасөспірімдерге:
  • Остеоартритті, ревматоидтық артритті, шорбуынданған спондилитті, жедел подагралық артритпен байланысты ауыру мен қабынуларды симптоматикалық емдеу үшін.
  • Стоматологиялық операциялардан кейінгі орташа ауыруды қысқа мерзімдік емдеу үшін.
  • Қолдану жөніндегі нұсқаулар:

    Остеоартрит.
  • Ұсынылатын доза тәулігіне бір рет 30 мг құрайды. Кейбір пациенттерде әсері жеткілікті болмағанда дозаны күніне бір рет 60 мг-ге дейін арттыру мәселесі қарастырылуы мүмкін. Әсері жоқ болғанда басқа да ықтимал емдеу әдістері жөніндегі мәселені қарастыру керек

  • Ревматоидты артрит
  • Ұсынылатын доза – тәулігіне бір рет 60 мг немесе 90 мг. Тиімді ең төмен тәуліктік доза күніне бір рет 60 мг құрайды. Кейбір пациенттерде тәулігіне бір рет 90 мг дозаны қабылдау емдік әсерінің күшеюіне әкелуі мүмкін.

  • Шорбуынданатын спондилит
  • Ұсынылатын доза тәулігіне бір рет 60 мг құрайды. Кейбір пациенттерде жеткілікті әсері жоқ болғанда дозаны тәулігіне бір рет 90 мг дейін арттыру туралы мәселені қарастыру керек. Науқастың жай-күйі тұрақтанғаннан кейін, дозаны тәулігіне 60 мг дейін төмендету жеткілікті. Әсері болмағанда басқа да ықтимал емдеу әдістерін қарастыру керек.

  • Жедел ауыру жай-күйі
  • Эторикоксибті тек қатты ауыру симптомдары кезеңінде қолдану керек.

  • Жедел подагралық артрит
  • Ұсынылатын доза тәулігіне бір рет 120 мг құрайды.

  • Хирургиялық стоматологияда операциядан кейінгі ауыру.
  • Ұсынылатын доза ең көбі 3 күн бойы тәулігіне бір рет 90 мг құрайды. Кейбір пациенттер үшін қажет болғанда ФОРСАНЕК® препаратына қосымша операциядан кейінгі ауыруды басу үшін басқа да әдістер қарастыру қажет болуы мүмкін.