Этсэт® таб. 40 мг

Шығарылу түрі:

Таблеткалар

Халықаралық патенттелмеген атауы:

Аторвастатин

Қолданылуы

Гиперхолестеринемияда
• холестеринінің мөлшерін азайту үшін диетаға қосымша ретінде көрсетілген.
• отбасылық гомозиготалы гиперхолестеринемиясы бар ересек пациенттерде жалпы-ХС және ХС-ТТЛП мөлшерін азайту үшін.

Жүрек-қантамыр ауруларының профилактикасында
• Жүрек-қантамырдың бастапқы оқиғаларының жоғары қаупі бар ересек пациенттерде жүрек-қантамырлық оқиғалардың профилактикасы, басқа қауіп факторларын түзетуге қосымша ретінде.

Қолдану жөніндегі нұсқаулар:

Аторвастатин дозасын қандағы ХС-ТТЛП бастапқы деңгейін, емнің мақсатын және пациенттің емдеуге жауабын ескере отырып жекелей таңдау қажет.
Бастапқы дозасы, әдетте, тәулігіне 1 рет 10 мг құрайды. Дозаны түзету 4 апталық немесе одан да көп аралықпен жүргізілуі керек. Ең жоғарғы дозасы тәулігіне 1 рет 80 мг құрайды.

Бастапқы гиперхолестеринемия және біріктірілген (аралас) гиперлипидемия.
Пациенттердің көпшілігінде аторвастатинді тәулігіне 1 рет 10 мг дозада қолданған кезде қанағаттанарлық жауап байқалады. Емдік әсері 2 апта ішінде көрінуі мүмкін; ең жоғарғы емдік әсер, әдетте, 4 аптадан кейін дамиды. Ұзақ мерзімді ем жүргізгенде қол жеткізілген әсері сақталады.

Отбасылық гетерозиготалы гиперхолестеринемия
Аторвастатиннің бастапқы дозасы тәулігіне 1 рет 10 мг құрайды. Препараттың дозасын тәулігіне 40 мг-ге дейін 4 апталық аралықпен жекелей тәртіппен түзету қажет. Соңынан дәрілік заттың дозасын 80 мг ең жоғарғы тәуліктік дозаға дейін арттыруға немесе аторвастатинмен тәулігіне 1 рет 40 мг дозада және өт қышқылының секвестранттарымен біріктірілген емдеуді жүргізуге болады.

Жүрек-қантамыр ауруларының профилактикасы
Клиникалық зерттеулерде жүрек-қантамыр ауруларының бастапқы профилактикасы үшін аторвастатин тәулігіне 10 мг дозада қолданылды. Қазіргі кездегі қолда бар нұсқауларға сәйкес, қандағы ХС-ТТЛП деңгейіне қол жеткізу үшін дәрілік затты жоғарырақ дозада қолдану қажеттілігі туындауы мүмкін.