Альбела® таблетки 400 мг

Шығарылу түрі:

Таблеткалар

Халықаралық патенттелмеген атауы:

Албендазол

Қолданылуы

Гельминтоздардың ішектегі түрлерінде және терідегі Larva Migrans синдромында (азғантай дозаларымен қысқамерзімді ем): энтеробиозда, анкилостомозда және некаторозда, гименолепидозда, тениозда, стронгилоидозда, аскаридозда, трихоцефалезда, клонорхозда, описторхозда, терідегі Larva Migrans синдромында, балалардағы лямблиозда.

Жүйелі гельминттік инфекцияларда (жоғары дозаларымен ұзақ уақыт емдеуде):

  • цисталық эхинококкозда (Echinococcus granulosus)
  • альвеолярлық эхинококкозда (Echinococcus multiocularis)
  • нейроцистицеркозда (Taenia solium)
  • капилляриозда (Capillaria philippinensis туғызған), гнатостомозда (Gnathostoma spinigerum мен тектес түрлері туғызған), трихинеллезде (Trichinella spiralis және T.pseudospiralis туғызған), токсокарозда (Toxocara canis мен тектес түрлері туғызған).
  • Қолдану жөніндегі нұсқаулар:

    Инфекция Пациенттің жасы Дозалары және қабылдау ұзақтығы
    Энтеробиоз, анкилостомоз, некатороз, аскаридоз, трихоцефалез Ересектер мен 6 жастан асқан балалар. Тәулігіне 1 рет бір реттік 400 мг (1 таблетка).
    Стронгилоидоз, тениоз, гименолепидоз Ересектер мен 6 жастан асқан балалар.

    3 күн бойы тәулігіне 1 рет 400 мг (1 таблетка).

    Гименолепидоз кезінде алдыңғы курсынан кейін 10-ыншы күннен 21-інші күнге дейінгі аралықта емдеу курсын қайталау ұсынылады.

    Клонорхоз, описторхоз Ересектер мен 6 жастан асқан балалар. 3 күн бойы тәулігіне 2 рет 400 мг (1 таблетка).
    Терідегі Larva Migrans синдромы Ересектер мен 6 жастан асқан балалар. 1-3 күн бойы тәулігіне 1 рет 400 мг (1 таблетка).
    Лямблиоз Тек 6 жастан 12 жасқа дейінгі балалар. 5 күн бойы тәулігіне 1 рет 400 мг (1 таблетка).