× Жабу
Ғаламдық сайтқа өту
Image

Ланистор таб. 25мг №30

Шығарылу түрі:
Таблеткалар
Белсенді зат:
Ламотриджин
Қолдану нұсқаулары
Тауар сипаттамасы
Қолдану көрсеткіштері

Эпилепсияға қарсы препараттар.

Эпилепсия

Ересектер мен 13 жастан асқан жасөспірімдер:

  • тонусты-клонусты құрысуларды қоса алғанда, парциальдық және жайылған ұстамаларды қосалқы немесе монотерапия ретінде
  • Леннокс-Гасто синдромымен байланысты құрысулар: қосымша ем құрамында, бірақ эпилепсияға қарсы бастапқы препарат (ЭҚП) ретінде де пайдаланылуы мүмкін.

2 жастан 12 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер:

  • тонусты-клонустық құрысулар мен Леннокс-Гасто синдромымен байланысты құрысуларды қоса алғанда, парциальдық және жайылған эпилепсиялық ұстамаларды қосымша емдеу ретінде.
  • типтік абсанстардың монотерапиясы


Биполярлық бұзылулар

18 жастан асқан ересектер

  • негізінен депрессиялық эпизодтарды бастан кешіретін биполярлық бұзылысы бар пациенттерде депрессиялық эпизодтардың профилактикасы.


ЛАНИСТОР®  жедел маниакалды немесе депрессиялық эпизодтарды емдеуге арналмаған.

Қолдану бойынша ұсыныстар мен мөлшерлеу режимін қолдану жөніндегі нұсқаулықтан қараңыз.

Қолдануға болмайтын жағдайлар
  • ламотриджинге немесе бөлімде тізбеленген қосымша заттарға аса жоғары сезімталдық
  • эпилепсиясы бар 2 жасқа дейінгі балалар
  • 18 жасқа дейінгі биполярлық бұзылулары бар пациенттер
  • фруктозаның тұқым қуалайтын жақпаушылығы, Lapp-лактоза ферментінің тапшылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы
  • жүктілік және лактация кезеңі