Эпилепсияға қарсы препараттар.
Эпилепсия
Ересектер мен 13 жастан асқан жасөспірімдер:
- тонусты-клонусты құрысуларды қоса алғанда, парциальдық және жайылған ұстамаларды қосалқы немесе монотерапия ретінде
- Леннокс-Гасто синдромымен байланысты құрысулар: қосымша ем құрамында, бірақ эпилепсияға қарсы бастапқы препарат (ЭҚП) ретінде де пайдаланылуы мүмкін.
2 жастан 12 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер:
- тонусты-клонустық құрысулар мен Леннокс-Гасто синдромымен байланысты құрысуларды қоса алғанда, парциальдық және жайылған эпилепсиялық ұстамаларды қосымша емдеу ретінде.
- типтік абсанстардың монотерапиясы
Биполярлық бұзылулар
18 жастан асқан ересектер
- негізінен депрессиялық эпизодтарды бастан кешіретін биполярлық бұзылысы бар пациенттерде депрессиялық эпизодтардың профилактикасы.
ЛАНИСТОР® жедел маниакалды немесе депрессиялық эпизодтарды емдеуге арналмаған.
Қолдану бойынша ұсыныстар мен мөлшерлеу режимін қолдану жөніндегі нұсқаулықтан қараңыз.