× Жабу
Ғаламдық сайтқа өту
Image

Тазацил 200мл

Шығарылу түрі:
Сыртқа қолдануға арналған ерітінді
Белсенді зат:
Гексамидин диизетионаты, хлорокрезол, хлоргексидин диглюконаты
Қолдану нұсқаулары
Тауар сипаттамасы
Қолдану көрсеткіштері

Тазацил® шала туған нәрестелерде, жаңа туған нәрестелерде, емшектегі балаларда, жас балаларда, жасөспірімдер мен ересектерде негізінен бактериялық инфекциялардан зақымдаған тері мен шырышты қабықтарды тазарту үшін немесе салдарлық инфекцияның дамуына әкелуі мүмкін жағдайларда қолдануға арналған.

Ескертпе: антисептикалық препараттар теріні және шырышты қабықтарды стерилизацияламайды, олар микроорганизмдердің санын уақытша азайтады.

Медициналық қолдану бойынша қысқартылған нұсқаулар

Дозалау режимі

Күніне 1-2 рет 7-15 күн бойы.

Тазацил® сұйық сабын ретінде сұйылтылмаған түрінде (концентрацияланған) немесе 1:10 қатынасында сумен сұйылтылғаннан кейін сыртқа қолдануға арналған.

Енгізу әдісі мен жолы 

Өңделген жерлерді пайдаланғаннан кейін әрдайым сумен мұқият жуып отыру керек.

Сұйылтылмаған түрде: Тазацил® шағын зақымдану ошақтарына жағу арқылы сұйылтылмаған түрде қолданылады. Жағыңыз және сумен жақсылап шайыңыз.

Сұйылтылған түрде: Тазацил® ванна қабылдағанда терінің инфекцияланған жерлерін дайындалған ерітіндіге батырып немесе душ қабылдағанда терінің инфекцияланған зақымдануларын шаю үшін, сұйылтылған түрінде, сұйық сабын ретінде қолданылады. Қолданғаннан кейін сумен мұқият жуып-шайылады.

Сұйылтылған ерітіндіні сақтауға болмайды, оны дереу пайдалану керек.

ТЕК СЫРТҚА ҚОЛДАНУҒА АРНАЛҒАН. ИНЪЕКЦИЯЛЫҚ ЕНГІЗУГЕ БОЛМАЙДЫ. ІШКЕ ЖҰТУҒА БОЛМАЙДЫ.


Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • белсенді заттарға немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық 
  • хирургиялық араласым алдында сау теріні антисептикалық өңдеу үшін (операция аумағының және тесілген, инъекцияланған немесе трансфузияланған жерлердің антисептикасы)
  • медициналық және хирургиялық жабдықтарды дезинфекциялау үшін
  • препараттың көзге, миға және ми қабықтарына түсуіне жол бермеу керек, сондай-ақ егер есту жарғағы тесілген болса, ол есту жолына түспеуі керек.