Жергілікті қолдануға арналған анти-акне препараттары.
Дозалау режимі
Гельді терінің зақымданған жерлеріне тәулігіне 2 рет (таңертең және кешке) жағады және сәл ысқылайды. Шамамен 0,5 г (2,5 см) гель бүкіл бетке қолдану үшін жеткілікті. МИЛЕНОН® препаратын қолданар алдында теріні таза сумен немесе жұмсақ тазартқыш косметикалық затпен тазалап, содан кейін құрғату керек.
Окклюзиялық таңғыштарды пайдаланбаған дұрыс, және гельді жаққаннан кейін қолды жуу керек.
Тері шамадан тыс тітіркенген жағдайда (4.8 бөлімін қараңыз) МИЛЕНОН® гельдің жағатын мөлшерін немесе препаратты қолдану жиілігін тітіркену симптомдары жойылғанша тәулігіне 1 ретке дейін азайту керек. Қажет болған жағдайда емдеуді уақытша бірнеше күнге тоқтата тұруға болады.
МИЛЕНОН® гельдің бүкіл емдеу кезеңі ішінде жүйелі түрде қолданылғаны маңызды.
Емдеу курсының ұзақтығы аурудың жеке көрінісіне байланысты өзгеруі мүмкін және оның ауырлық дәрежесіне қарай анықталады.
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық