Зиомицин таб. 500мг №3
Шығарылу түрі:
Таблеткалар
Белсенді зат:
Азитромицин
Қолдану көрсеткіштері
Белгілі немесе бір болмаса бірнеше сезімтал микроорганизмдерден туындаған келесі инфекцияларды емдеу үшін: бронхит, ауруханадан тыс пневмония, гайморит, фарингит / тонзиллит, ортаңғы құлақтың отиті, тері және жұмсақ тіндердің инфекциясы, асқынбаған жыныстық инфекциялар
Медициналық қолдану бойынша қысқартылған нұсқаулар
Зиомицин® препаратын медициналық қолдану бойынша қысқартылған нұсқаулық. Дозалау режимі: Зиомицин® таблеткаларын күнделікті бір реттік доза ретінде тағайындау керек. Тамақтанудан 1 сағат бұрын немесе одан 2 сағаттан кейін ішке қабылдау керек. Салмағы 45 кг-дан асатын балалар мен ересектер, оның ішінде егде жастағы пациенттер. Зиомицин® жалпы дозасы 1500 мг құрайды, оны үш күнге тағайындау керек (күніне бір рет 500 мг). Қолдануға болмайтын жағдайлар: - азитромицинге, эритромицинге, макролидтер немесе кетолидті антибиотиктердің кез келгеніне немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық: - бауыр мен бүйрек функциясының ауыр бұзылыстары; - жүктілік және емшек сүтімен емізу кезеңі.