Зоресан капс. 50мг №30
Шығарылу түрі:
Капсулалар
Белсенді зат:
Зонисамид
Қолдану көрсеткіштері
Алғаш рет эпилепсия диагнозы қойылған, қайталама жайылған немесе онсыз парциальді эпилепсиялық ұстамалары бар ересек пациенттердегі монотерапия;
Қайталама жайылған немесе онсыз парциальді эпилепсиялық ұстамалары бар ересектерде, жасөспірімдерде және 6 жастан асқан балаларда қосымша ем құрамында
Медициналық қолдану бойынша қысқартылған нұсқаулар
Зоресан® таблеткалары препаратын медициналық қолдану бойынша қысқартылған нұсқаулық. Қолдану тәсілі және дозасы: 1, 2 кесте Қолдануға болмайтын жағдайлар: белсенді затқа, қандай да бір қосымша заттарына немесе сульфонамидтерге аса жоғары сезімталдық; бауырдың ауыр жеткіліксіздігі; топирамат және ацетазоламид сияқты карбоангидраза тежегіштері бар балаларда бір мезгілде қолдану; жүктілік және лактация кезеңі; 6 жасқа дейінгі балалар.