Зоник капс. 150мг №56
Шығарылу түрі:
Капсулалар
Белсенді зат:
Прегабалин
Қолдану көрсеткіштері
Ересектердегі шеткері және орталық нейропатиялық ауырсынуды емдеу
Қайталама жайылған немесе онсыз парциальді құрысулары бар ересектердегі эпилепсия (қосымша дәрі ретінде)
Ересектердегі жайылған үрейлену бұзылыстарын емдеу
Медициналық қолдану бойынша қысқартылған нұсқаулар
Зоник® капсулалары препаратын медициналық қолдану бойынша қысқартылған нұсқаулық. Қолдану тәсілі және дозасы: Препаратты тәулігіне 150-ден 600 мг дейінгі дозада екі немесе үш бөліп қабылдайды. Нейропатиялық ауыру. Емді екі немесе үш қабылдауға бөліп, тәулігіне 150 мг дозадан бастайды. Пациенттің жеке жауабына және көтерімділігіне қарай, 3-7 күннен соң дозаны тәулігіне 300 мг дейін, ал қажет болса, тағы 7 күннен соң – тәулігіне 600 мг ең жоғары дозасына дейін арттыруға болады. Эпилепсия. Емді екі немесе үш қабылдауға бөліп, тәулігіне 150 мг дозадан бастайды. Пациенттің жеке жауабына және препараттың көтерімділігіне қарай, бір аптадан соң дозаны тәулігіне 300 мг дейін, тағы бір апта өткенде – тәулігіне 600 мг ең жоғары дозасына дейін арттыруға болады. Жайылған үрейлі бұзылыстар. Препаратты тәулігіне 150-ден 600 мг дейінгі дозада екі немесе үш қабылдауда қолданады. Емді тәулігіне 150 мг дозадан бастайды. Пациенттің жеке жауабына және препараттың көтерімділігіне қарай, бір аптадан соң дозаны тәулігіне 300 мг дейін, тағы бір апта өткенде тәулігіне 450 мг дейін, ал тағы бір аптадан соң – тәулігіне 600 мг ең жоғары дозасына дейін арттыруға болады. Қолдануға болмайтын жағдайлар: әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық; жүктілік және бала емізу кезеңі; 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерге.