Золопент таб. 40мг №30

Шығарылу түрі:

Таблеткалар

Белсенді зат:

Пантопразол

Қолдану көрсеткіштері

Ересектер мен 12 жастан асқан балалар. Гастроэзофагеальді рефлюкс ауруын симптомдық емдеу Рефлюкс эзофагитінің қайталануын ұзақ уақыт емдеу және профилактикасы Ересектер. Ұзақ уақыт бойы ҚҚСД қолдануы тиіс қауіп тобындағы пациенттерде қабынуға қарсы іріктемейтін стероидты емес препараттарды (ҚҚСП) қабылдаудан туындаған асқазан және он екі елі ішектің ойық жарасы түзілуінің пайда болуының профилактикасы

Медициналық қолдану бойынша қысқартылған нұсқаулар

Золопент® препаратын медициналық қолдану бойынша қысқартылған нұсқаулық. Қолдану тәсілі және дозасы. Ересектер мен 12 жастан асқан балалар: рефлюкс эзофагитін емдеу-тәулігіне 40 мг 1 таблетка. Асқазанның мен ОЕІ ойық жарасын емдеу: тәулігіне 40 мг 1 таблетка. Жеке-дара жағдайларда дозаны екі есе арттыруға болады, әсіресе басқа препараттарды қолданудың әсері болмаған жағдайда. Асқазан ойық жарасын емдеу әдетте 4 аптаға созылады. Егер бұл жеткіліксіз болса, ойық жараның жазылуын келесі 4 апта ішінде күтуге болады. Қолдануға болмайтын жағдайлар: препарат компоненттеріне, бсқа орын басқан бензимидазолдарға аса жоғары сезімталдық, препарат мақсаты H. рylori эрадикациясы болатын біріктірілімдегі емге қолданылмауы тиіс, ауырлық дәрежесі орташа немесе ауыр бүйрек немесе бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерде, пантопразолды атазанавирмен бірге қолдану, жүктілік және лактация кезеңі, 12 жасқа дейінгі балалар.