Виданол таб. 500мг №30

Шығарылу түрі:

Таблеткалар

Белсенді зат:

Транексам қышқылы

Қолдану көрсеткіштері

Простатэктомия және қуыққа операция меноррагия мұрыннан қан кету жатыр мойны конизациясы жарақаттық гифема тұқым қуалайтын ангионевроздық ісіну гемофилиямен ауыратын науқастардағы тіс экстракциясы

Медициналық қолдану бойынша қысқартылған нұсқаулар

10 Саудалық атауы. ВИДАНОЛ®. Дәрілік түрі. Үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар, 500 мг. Қолдану тәсілі және дозасы. Ішке, ас қабылдауға байланыссыз. Жергілікті фибринолиз: 15-25 мг/кг дене салмағына (яғни 1000-1500 мг) күніне 2-3 рет . Простатэктомия: операцияға дейін және одан кейін инъекция түрінде транексам қышқылынан бастау керек, содан соң макроскопиялық гематурия тоқтағанша 1000 мг транексам қышқылын, таблеткалар күніне 3-4 рет. Меноррагия: 1000 мг күніне 3 рет. Емдеу ұзақтығы 4 күннен аспауы тиіс. Жалпы тәуліктік доза күніне 4 г аспауы тиіс. Емдеуді етеккір қан кетуіне дейін бастамаған жөн. Қайталанатын мұрын қан кетулері кезінде: тәулігіне 3 рет 1000 мг-ден 7 күн бойы. Жатыр мойны конизациясы: 1500 мг-ден күніне 3 рет. Жарақаттық гифема: 1000-1500 мг-ден күніне 3 рет. Тұқым қуалайтын ангионевроздық ісіну: 1000-1500 мг күніне 2-3 рет бірнеше күн бойы. Гемофилиямен науқастарда тіс экстракциясы: 1000-1500 мг (25 мг/кг) әр сегіз сағат сайын. Жағымсыз әсерлері. Иммундық жүйе тарапынан. Өте сирек: анафилаксиялық шокты қоса, аса жоғары сезімталдық реакциялары. Көру мүшелері тарапынан. Сирек: түстерді көрудің бұзылуы, торқабық артерияларының окклюзиясы. Қантамырлық аурулар. Сирек: тромбоэмболиялық жағдайлар. Өте сирек: кез келген жердегі артериялық немесе веналық тромбоз. Асқазан-ішек жолы тарапынан. Өте сирек: дозаны төмендеткен соң басылатын жүрек айну, құсу және диарея секілді ас қорытудың бұзылуы. Тері және тері асты шелі тарапынан. Сирек: терінің аллергиялық реакциялары. Қолдануға болмайтын жағдайлар: транексам қышқылына немесе препараттың басқа компоненттеріне жоғары сезімталдық; бүйректің ауыр жеткіліксіздігі; тромбоэмболиялық аурулардың белсенді түрі; анамнездегі веналар немесе артериялар тромбозы; тұтыну коагулопатиясымен байланысты фибринолизистік жағдай; анамнездегі құрысулар; 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер. Дәрілермен өзара әрекеттесуі. Транексам қышқылы фибринолитикалық препараттардың тромболизистік әсеріне кедергі жасайды. Айрықша нұсқаулар. Балаларда қолданылуы. Балаларда препаратты қолданудың тиімділігі, дозалау режимі және қауіпсіздігі туралы деректер шектеулі. Жүктілік және лактация кезеңі. Транексам қышқылы плацента арқылы және емшек сүтіне өтеді. Жүктілік кезінде препаратты қолдану қауіпсіздігі бойынша зерттеулер жүргізілмеген, сондықтан осы кезеңде препаратты ана үшін күтілетін пайдасы шарана немесе балаға төнетін ықтимал қауіптен асып түскен кезде ғана тағайындауға болады. Дәріханалардан босатылу шарттары. Рецепт арқылы.