Тайгерон таб. 500мг №5

Шығарылу түрі:

Таблеткалар

Белсенді зат:

Левофлоксацин

Қолдану көрсеткіштері

Ересек пациенттерде келесі инфекцияларды емдеу үшін:
- жедел бактериялық синусит
- созылмалы бронхиттің өршуі
- ауруханадан тыс пневмония
- тері мен жұмсақ тіндердің асқынған инфекциялары - пиелонефрит және несеп шығару жолдарының асқынған инфекциялары
- созылмалы бактериялық простатит
- асқынбаған цистит

Медициналық қолдану бойынша қысқартылған нұсқаулар

Саудалық атауы ТАЙГЕРОН®
Халықаралық патенттелмеген атауы
Левофлоксацин
Дәрілік түрі, дозалануы
Үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар, 500 мг және 750 мг
Қолданылуы
Ересек пациенттерде келесі инфекцияларды емдеу үшін:
- жедел бактериялық синусит
- созылмалы бронхиттің өршуі
- ауруханадан тыс пневмония
- тері мен жұмсақ тіндердің асқынған инфекциялары
- пиелонефрит және несеп шығару жолдарының асқынған инфекциялары
- созылмалы бактериялық простатит
- асқынбаған цистит
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- левофлоксацинге немесе басқа хинолондарға жоғары сезімталдық
- эпилепсия және құрысу шегі төмен болатын орталық жүйке жүйесінің басқа да зақымданулары
- анамнездегі хинолондарды қолдануға байланысты сіңірдің зақымданулары
- жүктілік және лактация кезеңі
- 18 жасқа дейінгі балалар және жасөспірімдік жаста
Қолдану жөніндегі нұсқаулар
Дозалау режимі
ТАЙГЕРОН® таблеткалары тәулігіне бір немесе екі рет ішке қабылданады. Дозалар инфекцияның сипаты мен ауырлығына, сондай-ақ болжамды қоздырғыштың сезімталдығына қарай анықталады.