Сервонекс таб. 5мг №28

Шығарылу түрі:

Таблеткалар

Белсенді зат:

Донепезил

Қолдану көрсеткіштері

Деменцияны, ауырлығы жеңіл немесе орташа альцгеймер ауруын симптомдық емдеуде

Медициналық қолдану бойынша қысқартылған нұсқаулар

Сервонекс® таблеткалары препаратын медициналық қолдану бойынша қысқартылған нұсқаулық. Қолдану тәсілі және дозасы: Ересектер мен егде жастағы пациенттер Емдеуді тәулігіне 1 рет 5 мг-ден бастайды. Препаратты кешке, дәл ұйықтар алдында қабылдау керек. Клиникалық әсердің ерте көріністерін бағалау және донепезил гидрохлоридінің тепе-тең концентрациясына қол жеткізу үшін 5 мг тәуліктік дозаны бір ай бойы қолдану керек. Бір ай ішінде тәулігіне 5 мг дозадағы препараттың тиімділігін клиникалық бағалаудан кейін дозаны тәулігіне 1 рет 10 мг дейін арттыруға болады. Ұсынылатын ең жоғары тәуліктік доза 10 мг құрайды. Қолдануға болмайтын жағдайлар: донепезилге, пиперидин туындыларына және препараттың басқа компоненттеріне аса жоғары сезімталдық тұқым қуалайтын фруктоза жағымсыздығы, Lapp - лактаза ферментінің бастапқы жеткіліксіздігі, глюкоза - галактоза мальабсорбциясы жүктілік және лактация кезеңі балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер