Серрата таб. 10мг №150
Шығарылу түрі:
Таблеткалар
Белсенді зат:
Серратиопептидаза
Қолдану көрсеткіштері
Кешенді емде байламдардың созылуы және үзілуінде, сынулар және шығып кетуде (зақымданған орындағы ісінуді азайту үшін және микроциркуляцияны қалпына келтіруге) гематомалардың жойылуын жеделдету үшін жоғарғы тыныс алу жолдарының ауруларында (қақырық тұтқырлығын азайту және оның шығарылуын жеңілдету үшін) ЛОР-мүшелерінің ауруларында: қосалқы қойнаулардың сөліністерінің шығарылуын жеңілдетеді ауырсыну синдромы бар дерматит мастит (сүт бездеріндегі іркілісті азайту)
Медициналық қолдану бойынша қысқартылған нұсқаулар
Саудалық атауы. СЕРРАТА®. Дәрілік түрі, дозасы. Қабықпен қапталған, ішекте еритін таблеткалар 10 мг. Қолдану тәсілі және дозасы. Препарат кешенді ем құрамында тамақтанғаннан кейін тәулігіне 2-3 рет 10 мг (1 таблетка) дозада тағайындалады. Таблеткаларды шайнамай, 1 стакан сумен іше отырып, жұту керек. Ең жоғары бір реттік доза – 10 мг. Ең жоғары тәуліктік доза – 30 мг. Емдеу курсының ұзақтығы патологиялық үдерістің сипаты мен динамикасына байланысты және оны дәрігер жеке анықтайды. Жағымсыз әсерлері. Сирек (≥ 1/10000 - ≤ 1/1000 дейін): - жүрек айнуы; - құсу; - анорексия; - эпигастрии аумағының жайсыздығы; - диарея. Қолдануға болмайтын жағдайлар: - әсер етуші затқа (заттарға) немесе қосымша заттарының кез келгеніне аса жоғары сезімталдық; - асқазанның ойық жарасы; - жүктілік кезеңі; - балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер. Дәрілік заттармен өзара әрекеттесулері. Бір мезгілде қолданған кезде препарат антикоагулянттардың әсерін күшейтеді. Серратиопептидаза мен карбамазепинді бір мезгілде қабылдау қан сарысуындағы концентрацияның төмендеуіне, демек, карбамазепиннің әсерінің азаюына әкеледі. Айрықша нұсқаулар. Препарат маститтің бастапқы сатыларында (лактостаз) сүт бездерінің ісінуін азайту мақсатында акушерлікте және гинекологияда қолдануға көрсетілген, алайда СЕРРАТА® тағайындалған кезеңде емшек емізуден бас тарту керек. Дәріханалардан босатылу шарттары. Рецепт арқылы.