Семлопин таб. 5мг №28

Шығарылу түрі:

Таблеткалар

Белсенді зат:

Левоамлодипин

Қолдану көрсеткіштері

Артериялық гипертензия;
Созылмалы тұрақты стенокардия;
Вазоспазмдық стенокардия;

Медициналық қолдану бойынша қысқартылған нұсқаулар

Семлопин® препаратын медициналық қолдану бойынша қысқартылған нұсқаулық. Дозалау режимі Ересектер: Артериялық гипертензия мен стенокардияны емдеу үшін СЕМЛОПИН® препаратының әдеттегі бастапқы дозасы тәулігіне 1 рет 2.5 мг S(-) амлодипинді құрайды. Пациенттің емге реакциясына байланысты дозаны ең жоғары дозаға дейін арттыруға болады, ол тәулігіне 1 рет 5 мг S(-)амлодипинді құрайды. Қолдануға болмайтын жағдайлар: дигидропиридин, амлодипин туындыларына және /немесе басқа қосымша заттарға аса жоғары сезімталдық, ауыр дәрежелі артериялық гипотензия; шок (соның ішінде кардиогенді), сол жақ қарыншаның шығару жолдарының обструкциясы (мысалы, ауыр дәрежелі аорта стенозы), жедел миокард инфарктісінен кейінгі гемодинамикалық тұрақсыз жүрек жеткіліксіздігі, 18 жасқа дейінгі балалар