Самитол таб 500 мг №4

Шығарылу түрі:

Таблеткалар

Белсенді зат:

Секнидазол

Қолданылуы

- трихомонадалық уретриттерде және вагиниттерде (Trichomonas vaginalis туындатқан)
- бактериялық вагинозда
- ішек амебиазында (Entamoeba histolytica туындатқан)
- бауыр амебиазында (Entamoeba histolytica туындатқан)
- лямблиозда (Giardia lamblia туындатқан)

Қолдану көрсеткіштері

САМИТОЛ®. Үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар, 500 мг

САМИТОЛ® тікелей тамақ ішер алдында, судың аздаған мөлшерімен ішіп қабылданады. Ересектерге: трихомонадалық уретриттер және вагиниттер, бактериялық вагиноз: препаратты бір реттік қабылдау ретінде күніне 500 мг 4 таблетка немесе препаратты екі реттік қабылдау ретінде 12 сағаттық аралықпен (жалпы мөлшері 2 г).

Амебиаз және ішектің жедел лямблиозы: препаратты бір реттік қабылдау ретінде күніне 500 мг 4 таблетка немесе препаратты екі реттік қабылдау ретінде 12 сағаттық аралықпен (жалпы мөлшері 2 г). Амеба созылмалы бактерия тасымалдаушыларына: 3 күн бойы бірнеше қабылданатын 500 мг 3 таблетка. Бауыр амёбиазы: кем дегенде 15 күн бойы күніне бір рет немесе бірнеше қабылдауға күніне 500 мг 3 таблетка.

Балалар: Медициналық критерийлер бойынша, күніне 25-30 мг/кг. Емдеу ұзақтығы сондай клиникалық жағдайлар кезіндегі ересектердегі сияқты.

Қолдануға болмайтын жағдайлар:- белсенді затқа, препараттың қандай да бір қосымша заттарына аса жоғары сезімталдық; - орталық жүйке жүйесінің органикалық аурулары: - қан ауруы (соның ішінде анамнезінде); - жүктілік және лактация кезеңі