Кванил таб. 500мг №10
Шығарылу түрі:
Таблеткалар
Белсенді зат:
Цитиколин
Қолдану көрсеткіштері
Инсульт және оның салдары
Бассүйек-ми жарақаты және оның салдары
Дегенеративті өзгерістер мен қан тамырларының бұзылуынан туындаған когнитивті, сезімталдықтың және қозғалыстық неврологиялық бұзылыстары
Медициналық қолдану бойынша қысқартылған нұсқаулар
Кванил® препараты таблеткаларын медициналық қолдану бойынша қысқартылған нұсқаулық. Қолдану тәсілі және дозасы: Ұсынылған доза тәулігіне 500-ден 2000 мг-ға дейін (1-4 таблетка) құрайды. Препараттың дозалары мен емдеу мерзімі мидың зақымдануының ауырлығына байланысты және оны дәрігер белгілейді. Егде жастағы пациенттерге дозаны түзету қажет емес. Қолдануға болмайтын жағдайлар: - препараттың компоненттеріне жоғары сезімталдық; - парасимпатикалық жүйке жүйесінің жоғары тонусы бар жағдай (ваготония); - тұқым қуалайтын лактоза жағымсыздығы, Lapp-лактаза ферменті тапшылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы; - балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер (жеткілікті клиникалық деректердің болмауына байланысты).