Кванил р-р д/инф. 500мг/4мл №10
Шығарылу түрі:
Вена ішіне және бұлшықет ішіне енгізуге арналған ерітінді
Белсенді зат:
Цитиколин
Қолдану көрсеткіштері
Инсульт, жедел фазасы және оның неврологиялық асқынулары
Мидың жарақаттық зақымданулары және оның неврологиялық асқынулары
Медициналық қолдану бойынша қысқартылған нұсқаулар
Кванил® инфузияға арналған ерітінді препаратын медициналық қолдану бойынша қысқартылған нұсқаулық. Қолдану тәсілі және дозасы: Инсульттің және бассүйек-ми жарақатының жедел кезеңінде емі препаратты күн сайын 1000 – 2000 мг дозада вена ішіне енгізуден басталады, соңынан екі апта ішінде ауырудың ауырлығына байланысты күніне 1-2 инъекция (500 – 2000 мг) бұлшықет ішіне енгізуге немесе 45 – 90 күнге дейін ішке қабылдау курсына ауыстырылады. Препараттың дозасы мен қабылдау курсы емдеуші дәрігердің ұсынысы бойынша өзгертілуі мүмкін. Қолдануға болмайтын жағдайлар: - әсер етуші заты цитиколинге, немесе қосымша заттарының кез келгеніне аса жоғары сезімталдық; - парасимпатикалық жүйке жүйесінің жоғары тонусы.