Оксапин таб. 300мг №30

Шығарылу түрі:

Таблеткалар

Белсенді зат:

Окскарбазепин

Қолдану көрсеткіштері

Ересектер мен 6 жастан асқан балаларда монотерапия немесе қосымша ем ретінде салдарлы жайылған немесе онсыз ішінара эпилепсиялық ұстамаларды, жайылған тонустық - клонустық эпилепсиялық құрысуларды емдеу

Медициналық қолдану бойынша қысқартылған нұсқаулар

Оксапин® таблеткалары препаратын медициналық қолдану бойынша қысқартылған нұсқаулық. Қолдану тәсілі және дозасы: Монотерапия. Препараттың бастапқы дозасы тәулігіне 600 мг құрайды (тәулігіне дене салмағына 8-10 мг/кг 2 рет қабылдауға). Қажет болса, дозаны біртіндеп арттыруға болады. Дозаны қажетті емдік әсерге жеткенге дейін 1 апта аралықпен тәулігіне 600 мг-нан асырмай жоғарылатады. Емдік әсері тәулігіне 600-2400 мг доза диапазонында байқалады. Стационарлық жағдайда пациенттің жағдайын талапқа сай бақылауды қамтамасыз ете отырып, дозаны тәулігіне 2400 мг-ға дейін 48 сағат бойы жылдам жоғарылату тәжірибесі бар. Біріктірілген ем. Біріктірілген ем құрамында тағайындалған кезде бастапқы доза тәулігіне 600 мг (тәулігіне дене салмағына қарай 8-10 мг/кг) құрайды, 2 қабылдауға. Қажет болса, дозаны біртіндеп арттыруға болады. Дозаны қажетті емдік әсерге жеткенге дейін 1 апта аралықпен тәулігіне 600 мг-нан асырмай жоғарылатады. Қолдануға болмайтын жағдайлар: әсер етуші затқа немесе қосымша заттарының кез келгеніне аса жоғары сезімталдық