Оргил таб. 500мг №10

Шығарылу түрі:

Таблеткалар

Белсенді зат:

Орнидазол

Қолдану көрсеткіштері

трихомониаз (трихомонадты вульвовагинит, уретрит, бартолинит, цервицит, простатит, аднексит) амебиаз (амебалы дизентерия, ішектен тыс амебиаз, оның ішінде бауырдың амебалы абсцесі) лямблиоз хирургиялық және гинекологиялық араласулардан кейінгі инфекциялардың профилактикасы

Медициналық қолдану бойынша қысқартылған нұсқаулар

Саудалық атауы. ОРГИЛ®. Дәрілік түрі. Қабықпен қапталған таблеткалар 500 мг. Құрамы. Бір таблетканың құрамында: белсенді зат - орнидазол 500мг. Фармакотерапиялық тобы. Амебиазды және басқа протозойлық инфекцияларды емдеуге арналған препараттар. Нитроимидазол туындылары. Орнидазол. Фармакологиялық қасиеттері. Фармакодинамикасы. Оргил® – протозойға қарсы дәрі, 5-нитроимидазол туындылары. Протозойлық және бактериялық инфекцияларды емдеуде тиімділігі жоғары. Қолданылуы: - трихомониаз (трихомонадты вульвовагинит, уретрит, бартолинит, цервицит, простатит, аднексит); - амебиаз (амебалы дизентерия, ішектен тыс амебиаз, оның ішінде бауырдың амебалық абсцесі); - лямблиоз; - хирургиялық және гинекологиялық араласымдардан кейінгі инфекция профилактикасы. Қолдану тәсілі және дозасы. Оргил™ таблеткаларын тамақтан кейін қабылдайды. Трихомониаз: 5 күн бойы 500 мг-ден (1 таблетка) тәулігіне 2 рет (таңертең және кешке) немесе кешке бір рет 1,5г (3 таблетка). Бактерияға қарсы әсерге қол жеткізу үшін қынаптық таблеткаларды қосымша қолдану ұсынылады. Қайталап инфекция жұқтырмас үшін жыныстық серіктесте де емдеу курсын жүргізу қажет. Ішек амебиазында: - 1.5 г (3 таблетка) тәулігіне 1 рет, 60 кг астам дене салмағында - 2 г/тәулік (4 таблетка: 2 таблетка таңертең және 2 таблетка кешке). Емдеу курсы - 3 күн. Ішектен тыс амебиазда: - 0.5 г-ден (1 таблетка) ішке, таңертең және кешке 5-10 күн бойы. Лямблиозда: - ішке, 1.5 г/тәулік (3 таблетка). Емдеу курсы - 1-2 күн. Анаэробты бактериялардан туындаған инфекцияның профилактикасы: Операция алдында 0,5-1г-ден (1-2 таблетка), операциядан кейін - 1 таблеткадан тәулігіне 2 рет 3-5 күн бойы. Жағымсыз әсерлері: - диспепсия, АІЖ функциясы бұзылуы (оның ішінде жүрек айнуы), дәм сезу бұрмалануы; - аллергиялық реакциялар (тері бөртпесі, қышыну); Қолдануға болмайтын жағдайлар: - препаратқа жоғары сезімталдық; - орталық жүйке жүйесі аурулары (эпилепсия, мидың зақымдануы; жайылған склероз); - жүктілік және лактация кезеңі; - 18 жасқа дейінгі балалар. Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі. Оргил™ кумарин қатарының антикоагулянттарының әсерін күшейтеді, векуроний бромидінің бұлшықетті босаңсытатын әсер етуі ұзаққа созылады. Басқа 5-нитроимидазол туындыларымен бірге қолданғанда шеткері невропатия, депрессия эпилепсия түріндегі құрысулар байқалуы мүмкін. Микросомальді ферменттердің индукторларымен (барбитураттар, бензодиазепиндер, рифампициндер және с.с.) бір мезгілде қолдану орнидазолдың сарысудағы жартылай ыдырау кезеңін қысқартады. Микросомальді ферменттердің тежегіштері (циметидин, макролиды және с.с.) орнидазолдың жартылай ыдырау кезеңін ұлғайтады. Оргил™ нейроуытты және гемоуытты препараттармен біріктірілімде ұсынылмайды. Айрықша нұсқаулар. Трихомониазды емдеуде екі серіктес те емделуі керек. Орталық жүйке жүйесінің аурулары бар науқастарда сақтықпен қабылдау керек. Дәрілік заттың көлік құралдарын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсері. Көлік құралдарын басқару, дәлдік пен реакция жылдамдығын қажет ететін механизмдермен жұмыс істеу кезінде реакция жылдамдығы төмендеуінің ықтималдығын ескеру қажет. Дәріханалардан босатылу шарттары. Рецепт арқылы.