Нимид түйіршіктер 2г №30

Шығарылу түрі:

Түйіршіктер

Белсенді зат:

Нимесулид

Қолдану көрсеткіштері

Жедел ауырсынуды емдеу,
Ауырсыну синдромымен остеоартритті симптомдық емдеу
Бастапқы дисменореяны емдеу

Медициналық қолдану бойынша қысқартылған нұсқаулар

Нимид® түйіршіктері препаратын медициналық қолдану бойынша қысқартылған нұсқаулық. Дозалау режимі: Ересектерге препаратты тамақтан кейін тәулігіне екі рет 1 пакет (100 мг нимесулид) дозада қабылдау ұсынылады. Емдеудің ең жоғары ұзақтығы-5 күнді құрайды. Қолдануға болмайтын жағдайлар: препараттың белсенді затына, қосымша заттарының қайсы біріне аса жоғары сезімталдық, бұрын болған ацетилсалицил қышқылын немесе басқа қабынуға қарсы стероидты емес препараттарды қабылдауға байланысты гиперергиялық реакциялар, анамнезінде нимесулидке гепатоуытты реакциялар болуы, гепатоуыттылығы потенциалды басқа заттарды қатарлас қабылдау, алкоголизм, есірткіге тәуелділік, асқазанның немесе он екі елі ішектің өршу фазасындағы ойық жарасы, анамнезінде асқазан-ішек жолдарының ойық жарасы, перфорациясы немесе қан кетулері болуы, анамнезінде цереброваскулярлық қан кетулер немесе басқа қан құйылулары болуы, сондай-ақ қанағыштықпен бірге жүретін аурулар, қан ұю жүйесінің ауыр бұзылулары, жүректің ауыр дәрежелі жеткіліксіздігі, бүйректің ауыр дәрежелі жеткіліксіздігі, бауыр аурулары, бауыр ферменттері деңгейінің жоғарылауы, бауыр жеткіліксіздігі, суық тию немесе тұмау симптомдары бар пациенттер, балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер, жүктілік және лактация кезеңі, тұқым қуалайтын фруктоза жағымсыздығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы, сахароза-изомальтаза жеткіліксіздігі