Нимид гель 30г №1
Шығарылу түрі:
Гель
Белсенді зат:
Нимесулид
Қолдану көрсеткіштері
Ревматоидты артрит, кешенді ем құрамындағы шорбуынданатын спондилоартрит, бурсит, синовит, тендовагинит, терінің тұтастығын бұзбай сіңірлердің, байламдардың, бұлшықеттер мен буындардың жарақаттық зақымдануы
Медициналық қолдану бойынша қысқартылған нұсқаулар
Нимид® гель препаратын медициналық қолдану бойынша қысқартылған нұсқаулық. Дозалау режимі: сықпадан қысып шығарылған шамамен 3 см гельді күніне 2-3 рет терінің зақымдалған бөлігіне жұқа қабатпен жағады, жеңіл массаж қозғалыстарымен толық сіңгенше ысқылайды. Емнің ұзақтығы жеке анықталады, орташа есеппен 7-15 күн. Қолдануға болмайтын жағдайлар: препараттың белсенді затына немесе препараттың қосымша заттарына белгілі жоғары сезімталдық, ацетилсалицил қышқылына немесе басқа қабынуға қарсы стероидты емес препараттарға аллергиялық реакциялар (бронх түйілуі, ринит, есекжем) (анамнезінде), ашық жараларға немесе жергілікті инфекция болған кезде гельді қолдану, басқа кремдермен бір мезгілде қолдану, жүктілік және лактация кезеңі, балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер (препараттың қауіпсіздігі мен тиімділігі зерттелмеген)