Ньюропентин капс. 300мг №30

Шығарылу түрі:

Капсулалар

Белсенді зат:

Габапентин

Қолдану көрсеткіштері

Эпилепсия
6 жастан 12 жасқа дейінгі балалар: парциальді, оның ішінде салдарлы жайылумен жүретін эпилепсиялық ұстамаларды емдеу үшін кешенді ем құрамында.
Ересектер мен 12 жастан асқан балалар: парциальді, оның ішінде салдарлы жайылумен жүретін эпилепсиялық ұстамаларды емдеу үшін монотерапия түрінде немесе кешенді ем құрамында Шеткері нейропатиялық ауыру Ересек пациенттердегі шеткері нейропатиялық ауырсынуды емдеу (мысалы, ауырсынулы диабеттік нейропатияда немесе герпестен кейінгі невралгияда және басқалары)

Медициналық қолдану бойынша қысқартылған нұсқаулар

Ньюропентин® капсулалары препаратын медициналық қолдану бойынша қысқартылған нұсқаулық. Қолдану тәсілі және дозасы: Эпилепсия. Эпилепсия үшін әдетте ұзақ мерзімді ем қажет. Дозаны емдеуші дәрігер жеке жағымдылығы мен тиімділігіне сәйкес анықтайды. Ересектер мен жасөспірімдер (12 жастан асқан). Эпилепсиядағы тиімді дозалар (клиникалық зерттеулердің деректеріне сәйкес) тәулігіне 900-ден 3600 мг-ға дейін. Емі 2-кестеде сипатталғандай препараттың дозасын титрлеуден немесе 1-ші күні күніне 3 рет 300 мг дозадан басталуы мүмкін. Содан кейін, жеке жағымдылығы мен тиімділігіне сәйкес доза күніне 300 мг-ға әр 2-3 күн сайын 3600 мг/тәулікке дейін жоғарылауы мүмкін. Кейбір пациенттер үшін габапентинді баяу титрлеу қажет болуы мүмкін. Тәулігіне 1800 мг дозаға жетудің ең қысқа мерзімі – 1 апта, тәулігіне 2400 мг – 2 апта, 3600 мг – 3 апта. Ұзақ мерзімді ашық клиникалық зерттеулерде тәулігіне 4800 мг дозаны пациенттер жақсы қабылдады. Тәуліктік доза 3 қабылдауға бөлінуі тиіс. Құрысуға қарсы емдегі үзілістерді болдырмау және құрысу ұстамаларының алдын алу үшін препаратты қабылдау арасындағы ең жоғары аралық 12 сағаттан аспауы керек. 6 жастан 12 жасқа дейінгі балалар. Препараттың бастапқы дозасы тәулігіне 10 - 15 мг/кг болуы тиіс. Тиімді дозаға препаратты үш күн ішінде титрлеу арқылы қол жеткізу керек. 6 жастағы және одан асқан балаларда НЬЮРОПЕНТИН® препаратының тиімді дозасы тәулігіне 25 - 35 мг/кг құрайды. Тәулігіне 50 мг / кг дозаны пациенттер ұзақ мерзімді клиникалық зерттеулер аясында жақсы қабылдағаны дәлелденді. Тәуліктік доза тең бөліктерге бөлінуі тиіс (тәулігіне 3 рет қабылдау); препаратты қабылдау арасындағы ең жоғары аралық 12 сағаттан аспауы тиіс. Қан сарысуындағы габапентин деңгейін бақылаудың қажеті жоқ. Препаратты басқа эпилепсияға қарсы препараттармен біріктірілімде плазмадағы габапентин және басқа эпилепсияға қарсы препараттар концентрациясының өзгеруінен қорықпай қолдануға болады. Шеткері нейропатиялық ауыру. Ересектер: Емдеу 2-кестеде сипатталғандай препараттың дозасын титрлеуден басталуы мүмкін немесе тәулігіне 900 мг бастапқы доза 3 қабылдауға бөлінуі тиіс. Содан кейін, жеке жағымдылығы мен тиімділігіне байланысты доза тәулігіне 300 мг – дан әр 2-3 күн сайын ең жоғары-тәулігіне 3600 мг-ға дейін ұлғайтылуы мүмкін. Кейбір пациенттер үшін габапентинді баяу титрлеу қажет болады. Дозаға жетудің қысқалау мерзімі 1800 мг/тәулік – 1 апта, 2400 мг/ тәулік – 2 апта, 3600 мг/ тәулік – 3 апта. Қолдануға болмайтын жағдайлар: препараттың белсенді компонентіне (габапентин) немесе қосымша заттарына аса жоғары сезімталдық; жедел панкреатит; жүктілік және лактация кезеңі; 6 жасқа дейінгі балалар;