Мукекс таб. 30мг №20

Шығарылу түрі:

Таблеткалар

Белсенді зат:

Амброксол

Қолдану көрсеткіштері

Секрецияның бұзылуымен және қақырық шығарылуының қиындауымен сипатталатын жедел және созылмалы бронх- өкпе ауруларының секретлизистік емінде

Медициналық қолдану бойынша қысқартылған нұсқаулар

Мукекс® препаратын медициналық қолдану бойынша қысқартылған нұсқаулық. Дозалау режимі: ересектер мен 12 жастан асқан балалар: алғашқы 2-3 күн, тәулігіне 3 рет 1 таблеткадан (күніне 90 мг амброксол гидрохлоридіне баламалы), әрі қарай, 1 таблеткадан тәулігіне 2 рет (күніне 60 мг амброксол гидрохлоридіне баламалы), ішке, тамақтануға байланыссыз. Қажет болғанда емдік әсерін күшейту үшін тәулігіне 2 рет 2 таблеткадан (күніне 120 мг амброксол гидрохлоридіне баламалы) тағайындауға болады. Қабылдау ұзақтығы шектеусіз. Қолдануға болмайтын жағдайлар: амброксол гидрохлоридіне және/немесе препараттың басқа компоненттеріне аса жоғары сезімталдық; асқазанның және он екі елі ішектің ойық жара ауруы; 12 жасқа дейінгі балалар; жүктіліктің I триместрі және лактация кезеңі