Мистол қынаптық супп. 500мг №10
Шығарылу түрі:
Қынаптық суппозиторий
Белсенді зат:
Метронидазол
Қолдану көрсеткіштері
Trichomonas vaginalis туындаған трихомониазды жергілікті емдуде қынаптың метронидазолға сезімтал микроорганизмдерден туындаған анаэробты инфекциялары спецификалық емес вагиниттер
Медициналық қолдану бойынша қысқартылған нұсқаулар
МИСТОЛ. Қолданылуы: Trichomonas vaginalis туындаған трихомониазды жергілікті емдуде; қынаптың метронидазолға сезімтал микроорганизмдерден туындаған анаэробты инфекциялары; спецификалық емес вагиниттер. Қолдану тәсілі және дозасы. Қолдану тәсілі: қынап ішіне. Дозасы. Препарат тек ересектерде қолданылады. Трихомонадалық вагинит: 10 күн бойы тәулігіне 1 рет 1 қынаптық суппозиторийден. Суппозиторий қынапқа терең енгізіледі. Спецификалық емес вагинит: 1 қынаптық суппозиторий 7 күн бойы тәулігіне 1 рет қынапқа терең енгізіледі. Пациент әйелдің жыныстық серіктесін, тіпті онда инфекция симптомдары болмаса да, бір мезгілде емдеу өте қажет болады. Емдеудің ең жоғары ұзақтығы 10 күннен аспауы тиіс, емдеу курстарының саны жылына 2-3. Жағымсыз әсерлері. Қынап ішіне енгізуден кейін жүйелік өтуі ең аз болады. Өте сирек: терінің гиперемиясы, қышыну, бөртпе. Қолдануға болмайтын жағдайлар: 18 жасқа дейінгі балалар (осы дәрілік түр үшін). Дәрілік өзара әрекеттесулері. Дисульфирамдағы тәрізді реакцияның (гиперемия, эритема, құсу, тахикардия) пайда болуы мүмкіндігіне байланысты емдеу кезінде және ол аяқталғаннан кейін кем дегенде тағы 1 күн ішінде алкогольді сусындарды ішуге және құрамында алкоголь бар препараттарды қабылдауға болмайды. Айрықша нұсқаулар. Метронидазолды 10 күннен артық және жылына 2 немесе 3 реттен артық тағайындауға болмайды. Жүктілік. Клиникалық дәлелдер метронидазолмен байланысты ешбір спецификалық тератогендік немесе фетоуыттылық әсерлерді көрсетпеді. Алайда, мұндай қауіптің жоқтығын тек эпидемиологиялық зерттеулер растай алады. Осыған байланысты жүктілік кезінде метронидазолды қажет болған жағдайда ғана тағайындауға болады. Бала емізу. Метронидазол емшек сүтіне шығарылады. Осыған байланысты емшек сүтімен емізу кезінде осы дәрілік препаратты қолданудан аулақ болу керек. Дәріханалардан босатылу шарттары. Рецепт арқылы.