Лефно таб. 20мг №30
Шығарылу түрі:
Таблеткалар
Белсенді зат:
Лефлуномид
Қолдану көрсеткіштері
Ревматоидты артритте, белсенді фаза
Псориаздық артритте, белсенді фаза
Медициналық қолдану бойынша қысқартылған нұсқаулар
Лефно® таблеткалары препаратын медициналық қолдану бойынша қысқартылған нұсқаулық. Қолдану тәсілі және дозасы: Емдеу қанықтыру дозасынан басталады, ол 3 күн ішінде күніне 1 рет 100 мг құрайды. Әрі қарай ревматоидты артрит үшін ұсынылатын демеуші дозасы тәулігіне 1 рет 20 мг құрайды. Жағымдылығы нашар болғанда демеуші дозасын тәулігіне 1 рет 10 мг-ға дейін төмендетеді. Белсенді фазадағы псориазды артриті бар пациенттерді емдеу үшін ұсынылатын демеуші дозасы тәулігіне 1 рет 20 мг құрайды. Емдік әсер емдеу басталғаннан бастап 4 аптадан кейін пайда бола бастайды және 4-6 ай ішінде күшеюі мүмкін. Қолдануға болмайтын жағдайлар: - әсер етуші затқа аса жоғары сезімталдық (әсіресе алдыңғы Стивенс-Джонсон синдромы, уытты эпидермалық некролиз, мультиформалы эритема), негізгі белсенді метаболиті терифлуномидке немесе препараттың қосымша заттарының кез келгеніне; - иммун тапшылығының ауыр жағдайы, оның ішінде ЖИТС; - бауыр функциясының ауыр бұзылуы; - сүйек кемігіндегі қан түзілудің айқын бұзылуы немесе басқа себептерден болған анемия, лейкопения, тромбоцитопения (ревматоидты және псориаздық артриттен басқа); - ауыр ағымды инфекция; - бүйректің орташа немесе ауыр жеткіліксіздігі; - ауыр гипопротеинемия, оның ішінде нефроздық синдромда; - жүктілік және лактация кезеңі; - емдеу кезінде немесе емнен кейін сенімді контрацепция қолданбайтын ұрпақ өрбіту жасындағы әйелдер, қан плазмасындағы белсенді метаболит А771726 деңгейі 0,02 мг/л астамды құрауымен шартталған; - балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер.