Ларфикс таб. 8мг №10

Шығарылу түрі:

Таблеткалар

Белсенді зат:

Лорноксикам

Қолдану көрсеткіштері

Орташа немесе елеулі айқын ауырсыну синдромын қысқа мерзімді емдеу

Медициналық қолдану бойынша қысқартылған нұсқаулар

Ларфикс® таблеткалары препаратын медициналық қолдану бойынша қысқартылған нұсқаулық. Қолдану тәсілі және дозасы: Айқындығы орташа немесе елеулі ауырсыну синдромында тәулігіне 8-16 мг доза ұсынылады, 2-3 қабылдауға бөлінеді. Қабыну және дегенеративті ревматизмдік аурулар кезінде 2-3 қабылдауға бөлінген 12 мг бастапқы доза ұсынылады. Ең жоғары тәуліктік доза тәулігіне 16 мг аспауы тиіс. Қолдануға болмайтын жағдайлар: лорноксикамға немесе препараттың компоненттеріне аса жоғары сезімталдық; - тромбоцитопения; - ацетилсалицил қышқылын қоса, басқа қабынуға қарсы стероидты емес препараттарға жоғары сезімталдық (бронх демікпесіндегі, риниттегі, ангионевроздық ісінудегі немесе есекжемдегі осыған ұқсас симптомдар); - жүрек жеткіліксіздігінің ауыр түрі; - асқазан-ішектен қан кету, церебральді-тамырлық қан кету немесе басқа гематологиялық бұзылулар; - анамнезіндегі осының алдындағы қабынуға қарсы стероидты емес препараттарды қабылдауға байланысты асқазан-ішектен қан кетулер немесе перфорация; - анамнезіндегі белсенді пептидтік ойық жара немесе пептидтік ойық жараның/қан кетулердің қайталануы (ойық жара немесе қан кетулер туындауының екі немесе одан астам расталған үзік көріністері); - бауыр жеткіліксіздігінің ауыр түрі; - бүйрек жеткіліксіздігінің ауыр түрі (сарысулық креатинин деңгейі >700 мкмоль/л); - тұқым қуалайтын лактоза жағымсыздығы, LAPP-лактаза ферменті тапшылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы бар пациенттер; - жүктілік және лактация кезеңі; - балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер.