Клосарт таб. 50мг №28

Шығарылу түрі:

Таблеткалар

Белсенді зат:

Лозартан

Қолдану көрсеткіштері

Ересектердегі эссенциалды гипертензияны емдеу.
Артериялық гипертензиядан және протеинуриясы бар II типті қант диабетінен зардап шегетін ересек пациенттердегі бүйрек ауруын емдеу
Созылмалы жүрек жеткіліксіздігін емдеу
Артериялық гипертензиясы және сол жақ қарыншалық гипертрофиясы бар ересек пациенттердегі инсульт даму қаупінің төмендеуі

Медициналық қолдану бойынша қысқартылған нұсқаулар

Клосарт® медициналық қолдану бойынша қысқартылған нұсқаулық Қолдану тәсілі және дозасы. Таблеткаларды тамақ ішуге байланыссыз, 1 стақан сумен іше отырып, қабылдайды. Артериялық гипертензия. Көптеген науқастар үшін КЛОСАРТ® препаратының әдеттегі бастапқы және демеуші дозасы тәулігіне 1 рет 50 мг құрайды. Гипертензияға қарсы ең жоғары әсерге емдеу басталғаннан бастап 3-6 аптада қол жеткізіледі. Кейбір науқастар үшін препараттың дозасын тәулігіне 1 рет (таңертең) 100 мг-ға дейін арттыру қолайлы болуы мүмкін. КЛОСАРТ® препаратын басқа гипертензияға қарсы препараттармен, әсіресе диуретиктермен (мысалы, гидрохлоротиазид) бірге қолдануға болады. Артериялық гипертензиямен, II типті қант диабетімен және протеинуриямен ауыратын пациенттер (≥0,5 г / тәулік). Әдетте КЛОСАРТ® бастапқы дозасы тәулігіне 1 рет 50 мг құрайды. Емдеу басталғаннан кейін 1 айдан кейін аретриялық қысымның көрсеткіштері қандай болуына байланысты дозаны тәулігіне 1 рет 100 мг-ға дейін арттыруға болады. КЛОСАРТ® басқа гипертензияға қарсы дәрілермен (диуретиктермен, кальций өзекшелерінің блокаторларымен, α- немесе β-рецепторларының блокаторларымен, әсері орталықтық препараттармен), сондай-ақ инсулинмен және басқа гипогликемиялық дәрілермен (мысалы, сульфонилмочевинамен, глитазондармен және глюкозидаза тежегіштерімен) қабылдануы мүмкін. Жүрек жеткіліксіздігі. Әдетте созылмалы жүрек жеткіліксіздігі бар пациенттер үшін лозартанның бастапқы дозасы тәулігіне 1 рет 12,5* мг құрайды. Әдетте, доза бір апталық аралықпен (яғни, тәулігіне 12,5* мг, тәулігіне 25 мг, тәулігіне 50 мг) жеке жағымдылығына байланысты тәулігіне 1 рет 50 мг (1 таблетка КЛОСАРТ® 50 мг) әдеттегі демеуші дозаға дейін титрленеді. *Таблетка бөлінбейтіндіктен, препаратты 25 мг-дан аз дозада тағайындаған жағдайда, лозартан препаратын осындай дозалау мүмкіндігі бар түрінде қолдану керек. ЭКГ көмегімен құжатталған артериялық гипертензиясы және сол жақ қарыншалық гипертрофиясы бар пациенттерде инсульт даму қаупінің төмендеуі. Әдетте бастапқы доза тәулігіне 1 рет 50 мг құрайды. Артериялық қысым деңгейінің өзгеруіне байланысты төмен дозада гидрохлоротиазидті тағайындау қажет болуы мүмкін және / немесе лозартан дозасын тәулігіне 1 рет 100 мг дейін арттыру керек. Қолдануға болмайтын жағдайлар: Препараттың құрамына кіретін әсер етуші затқа немесе қосымша заттарының кез келгеніне аса жоғары сезімталдық; қант диабеті бар немесе бүйрек функциясы бұзылған (ШСЖ < 60 мл/мин/1,73 м2) пациенттерге лозартан мен алискиренді бір мезгілде қолдану қарсы көрсетілімде; Жүкті әйелдер немесе жүкті болуды жоспарлаған әйелдер.