Гинекс қынаптық супп. 500мг/100мг №14

Шығарылу түрі:

Қынаптық суппозиторий

Белсенді зат:

Метронидазол, Миконазол

Қолдану көрсеткіштері

Candida albicans туындатқан кандидоздық вульвовагинит анаэробты бактериялар және Gardnerella vaginalis туындатқан бактериялық вагиноз Trichomonas vaginalis туындатқан трихомонадалық вагинит қынаптық аралас инфекциялар

Медициналық қолдану бойынша қысқартылған нұсқаулар

ГИНЕКС®. ГИНЕКС® Форте. Қолданылуы: Candida albicans туындатқан кандидоздық вульвовагинит; анаэробты бактериялар және Gardnerella vaginalis туындатқан бактериялық вагиноз; Trichomonas vaginalis туындатқан трихомонадалық вагинит; қынаптық аралас инфекциялар. Қолдану тәсілі және дозасы. Қынап ішіне. ГИНЕКС® 1 суппозиторийден 7 күн бойына таңертең және ұйықтар алдында. ГИНЕКС® Форте 7 күн бойына түнге қарай 1 суппозиторийден. Ауру қайталанған жағдайда емдеу курсын 14 күнге дейін созуға болады. Суппозиторийді жатқан күйде қынапқа терең енгізу керек. Жағымсыз әсерлері. Жалпы жағдайдың бұзылуы және енгізу орнындағы жай-күй: өте жиі: қынаптан бөлінділер; жиі: вагинит, вульвовагиналық тітіркену, қынаптағы жайсыздық; жиі емес: шөлдеу сезімі; сирек: қынапты күйдіру сезіну, қышыну, тітіркену, бөртпе. Қолдануға болмайтын жағдайлар: емдеу кезінде немесе емдеу аяқталғаннан кейін 3 күн ішінде алкогольді ішетін пациенттер; - жүктіліктің бірінші триместрі; порфирия; эпилепсия; бауыр функциясының ауыр бұзылуы. Дәрілермен өзара әрекеттесуі. Метронидазолдың немесе миконазол нитратының сіңуіне байланысты кейбір заттармен және дәрілік заттармен бір мезгілде қолданғанда препараттың өзара әрекеттесу реакциялары пайда болуы мүмкін. Айрықша нұсқаулар. Пациентке ем кезінде және емдеу курсы аяқталғаннан кейін 3 күн ішінде алкогольді ішуге болмайтындығы туралы ескерту керек. Етеккір кезінде препаратты қолдану ұсынылмайды, өйткені препараттың тиімділігі төмендейді немесе оны қолдануда қиындықтар туындайды. Препаратты қыздар мен жыныстық қатынасқа түспей жүретін жас әйелдерге қолдану ұсынылмайды. Ем кезінде басқа қынаптық өнімдерді (тампондар, жуып-шайынатын заттар, спермицидтік заттар) қолдануға болмайды. Трихомонадты вагинитпен ауыратын пациенттердің жыныстық серіктестері де бір уақытта емдеу курсынан өтуі керек. Жүктілік және лактация кезеңі. Жүктіліктің I триместрінде қолдану ұсынылмайды, жүктіліктің II-III триместрінде препаратты дәрігердің бақылауымен қолдануға болады. Емдеу кезеңінде емшек сүтімен емізуді тоқтату керек, өйткені метронидазол емшек сүтіне енеді. Емшекпен емізуді емдеу курсы аяқталғаннан кейін 24-48 сағаттан соң жаңғыртуға болады. Педиатриялық практикада қолданылуы. 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерге ұсынылмайды. Дәріханалардан босатылу шарттары. Рецепт арқылы.