Фуцис ДТ таб. 50мг №4

Шығарылу түрі:

Таблеткалар

Белсенді зат:

Флуконазол

Қолдану көрсеткіштері

криптококктық менингит кокцидиоидомикоз инвазиялық кандидоз шырышты қабықтардың кандидозы ауыз қуысының созылмалы атрофиялық кандидозы жедел немесе қайталанатын қынаптық кандидоз кандидозды баланит дерматомикоздар тырнақ дерматофитиясы

Медициналық қолдану бойынша қысқартылған нұсқаулар

Саудалық атауы. ФУЦИС® ДТ. Дәрілік түрі. Флуконазол 50 мг ұсақталатын таблеткалары. Қолдану тәсілі және дозасы. Таблетканы алдын ала аздаған мөлшердегі суда (5мл) еріту керек. Флуконазолдың тәуліктік дозасы зең инфекциясының түріне және ауырлығына байланысты. Қолдануға болмайтын жағдайлар: - - флуконазолға, препараттың басқа компоненттеріне немесе құрылымы флуконазолға ұқсас азолды заттарға жоғары сезімталдық; - флуконазолды тәулігіне 400 мг және одан да көп дозада бірнеше рет қолдану кезінде терфенадинді бір мезгілде қабылдау; - цизапридпен, астемизолмен, эритромицинмен, пимозидпен, хинидинмен және амиодаронмен бір мезгілде қабылдау; - галактоза жағымсыздығының сирек тұқым қуалайтын проблемалары, Лапп лактаза тапшылығы немесе синдромом глюкоза және галактоза мальабсорбциясы синдромы бар пациенттер; - жүктілік және лактация кезеңі; - 3 жасқа дейінгі балалар. Жағымсыз әсерлері. Хабарланғандардан жиілігі көбірек жағымсыз реакциялар (>1/10) - бас ауруы, құрсақ қуысының ауыруы, диарея, жүрек айну, құсу, қан плазмасындағы АлАТ, АсАТ және СФ деңгейінің жоғарылауы және бөртпе болды. Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі. Төменде көрсетілген дәрілік заттарды біріктіріп қолдануға болмайды: Цизаприд, Терфенадин, Астемизол, Пимозид, Хинидин, Эритромицин, Амиодарон. Айрықша нұсқаулар. Флуконазолды тек күтілетін пайдасы қауіптен едәуір жоғары болған жағдайларды қоспағанда, стандартты дозада және қысқа мерзімді емдеу үшін жүктілік кезінде қолдануға болмайды. Жоғары дозадағы және / немесе ұзақ мерзімді қолдануға арналған флуконазолды өмірге зор қауіп төндіретін инфекциялар жағдайларын қоспағанда, жүктілік кезінде қолдануға болмайды. Дәріханалардан босатылу шарттары. Рецепт арқылы.