Фаниган GR таб. 50мг №10

Шығарылу түрі:

Таблеткалар

Белсенді зат:

Диклофенак

Қолдану көрсеткіштері

Ревматизм ауруларының қабынған және дегенеративті түрлері: ревматоидты артрит, кәмелетке жетпегендердегі ревматоидты артрит, остеоартрит, спондилоартрит, шорбуынданатын спондилит, шығу тегі ревматизмдік омыртқа жотасы ауруларындағы ауырсыну синдромдары; подаграның жедел ұстамалары; посттравматизмдік және операциядан кейінгі қабынумен жүретін ауырсыну синдромдары; ауырсыну синдромдары және қабынумен бірге жүретін гинекологиялық аурулар (бастапқы дисменорея және аднексит)

Медициналық қолдану бойынша қысқартылған нұсқаулар

Фаниган® GR таблеткалары препаратын медициналық қолдану бойынша қысқартылған нұсқаулық. Дозалау режимі: Ересектерге ұсынылатын бастапқы доза-тәулігіне 100-150 мг, дұрысы – тамақтануға дейін. Аурудың салыстырмалы түрде жеңіл жағдайларында, сондай-ақ ұзақ мерзімді ем үшін 75-100 мг тәуліктік доза жеткілікті.14 жастан асқан балаларға препарат тәулігіне дене салмағына 0.5-2 мг/кг есептегі дозада тағайындалады. Ең жоғары тәуліктік доза 150 мг-нан аспауы тиіс. Қолдануға болмайтын жағдайлар: әсер етуші затқа аса жоғары сезімталдық; асқазанның және/немесе он екі елі ішектің ойық жара ауруы, қан кету немесе перфорация; ішектің қабыну аурулары; бауыр жеткіліксіздігі; бүйрек жеткіліксіздігі (ШСЖ <15 мл/мин/1.73м2); жүректің ауыр жеткіліксіздігі; анамнезінде ацетилсалицил қышқылын немесе басқа ҚҚСП қолдануға байланысты демікпе ұстамаларының, есекжем, жедел ринит болуы; қан түзу жүйесінің аурулары; коронарлық шунттау операциясынан немесе жасанды қан айналымының аппаратын қолданғаннан соң болатын операциядан кейінгі ауырсынуды емдеу; жүктілік және бала емізу кезеңі; 14 жасқа дейінгі балаларға