Фаниган Фаст гель 100г №1

Шығарылу түрі:

Гель

Белсенді зат:

Диклофенак, ментол, метилсалицилат, зығыр майы

Қолдану көрсеткіштері

миозит, фиброзит
бұлшықеттер мен сіңірлердің созылуы, тірек-қимыл аппаратының жарақаттары,
ауыр дене жүктемесіндегі бұлшықеттер мен буындардың ауырсынуы
жұмсақ тіндердің ревматизмдік зақымдануы (бурсит, артрит, тендовагинит)

Медициналық қолдану бойынша қысқартылған нұсқаулар

Фаниган® Фаст гель препаратын медициналық қолдану бойынша қысқартылған нұсқаулық. Қолдану тәсілі және дозасы: 2-4 г гельді тәулігіне 2-3 рет теріге жұқа қабатпен жағып, жеңіл ысқылайды. Орташа тәуліктік доза 100 мг натрий диклофенагын құрайды. Препаратты зақымданбаған теріге жағу керек. Емдеу курсының ұзақтығы 10 күннен аспауы тиіс. Қолдануға болмайтын жағдайлар: диклофенак пен препараттың басқа да компоненттеріне жоғары сезімталдық, эпидермистің зақымдануы, қолданған аймақтағы ашық жаралар, ацетилсалицил қышқылын қабылдау аясындағы демікпелік статус, асқазан мен 12-елі ішектің өршу сатысындағы ойық жарасы. Айрықша нұсқаулар: 12 жасқа дейінгі балаларға тағайындауға болмайды. Жүктілік пен бала емізу кезеңінде қолдану ұсынылмайды.