Эсзол таб. 100мг №10
Шығарылу түрі:
Таблеткалар
Белсенді зат:
Итраконазол
Қолдану көрсеткіштері
вульвовагинальдық кандидоз кебек тәрізді теміреткі итраконазолға сезімтал қоздырғыштардан туындаған дерматомикоздар орофарингеальді кандидоз дерматофиттардан және/немесе ашытқылардан туындаған онихомикоздар гистоплазмоз; жүйелі микоздар; аспергиллез және кандидоз; криптококкоз; бұрын болған зеңдік инфекцияның қайталануын болдырмау үшін ЖИТС бар пациенттерде демеуші ем.
Медициналық қолдану бойынша қысқартылған нұсқаулар
Саудалық атауы. ЭСЗОЛ®. Дәрілік түрі. Үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар, 100 мг. Қолданылуы: - вульвовагинальдық кандидоз; - кебек тәрізді теміреткі; - итраконазолға сезімтал қоздырғыштардан туындаған дерматомикоздар; - орофарингеальді кандидоз; - дерматофиттардан және/немесе ашытқылардан туындаған онихомикоздар; - гистоплазмоз; - жүйелі микоздар; - аспергиллез және кандидоз; - криптококкоз; - бұрын болған зеңдік инфекцияның қайталануын болдырмау үшін ЖИТС бар пациенттерде демеуші ем. ЭСЗОЛ® сондай-ақ ұзаққа созылған нейтропениясы бар пациенттерде стандартты ем жеткіліксіз болған жағдайда зеңдік инфекцияның профилактикасына тағайындалады. Қолдану тәсілі және дозасы. ЭСЗОЛ® таблеткалары оңтайлы сіңірілуі үшін оны тойып тамақ ішкеннен кейін бірден қабылдау керек. Таблеткаларды тұтастай жұту керек. Қолданылуына байланысты ересектерге арналған емдеу сызбасы. Жағымсыз әсерлері. Клиникалық сынақтардың және/немесе өздігінен келіп түскен хабарламалардың нәтижелерінде анықталған, итраконазолды қолданудан анағұрлым жиі туындайтын жағымсыз әсерлер (ЖЖР) бас ауыру, іш ауыру және жүрек айну болды. Қолдануға болмайтын жағдайлар: - итраконазолға немесе қосымша заттардың қандай да біріне жоғары сезімталдық; - CYP3A4 субстраттарын бір мезгілде қабылдау; - ЭСЗОЛ® таблеткалары қарыншалық дисфункция белгілері бар пациенттерге тағайындалмауы тиіс; - өмірге қауіп төндіретін жағдайларды қоспағанда, жүктілік кезеңі; - ЭСЗОЛ® таблеткаларын қабылдап жүрген, бала тууға қабілетті жастағы әйелдер контрацепцияның тиісінше әдістерін қолдануы тиіс. Тиімді контрацепция ЭСЗОЛ® таблеткаларымен емдеу аяқталғаннан кейінгі алғашқы етеккір кезеңінде де жалғастырылуы тиіс; - балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер. Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі. Итраконазолды басқа дәрілік заттармен бірге қолданған кезде препараттың метаболизм әдісін анықтау және оның дозасын өзгерту қажеттілігі туралы мәселені шешу үшін қолдану жөніндегі нұсқаулықпен танысу ұсынылады. Айрықша нұсқаулар. Жүктілік және лактация кезеңі. Өмірге қауіп төндіретін жағдайларды және егер анасы үшін күтілетін оң әсері шарана үшін болуы мүмкін қауіптен асып түсетін жағдайларды қоспағанда, ЭСЗОЛ® жүктілік кезінде қолданылмауы тиіс. Итраконазол емшек сүтіне өтуі мүмкін болғандықтан, бала емізу кезеңінде қолдану қажет болса, ЭСЗОЛ® препаратын қолданып жүрген әйелдер бала емізуді тоқтатуы керек. Дәріханалардан босатылу шарттары. Рецепт арқылы.