Элопрам® 20 мг №28
Шығарылу түрі:
Таблеткалар
Халықаралық патенттелмеген атауы:
Эсциталопрам
Қолданылуы:
- ауырлығы орташа және ауыр дәрежедегі депрессиялық көріністер
- агорафобиямен немесе онсыз үрейлі бұзылыстар
- әлеуметтік үрейлі бұзылыс (әлеуметтік фобия)
- жайылған үрейлі бұзылыс
- обсессивті-компульсивті бұзылыс
Қолдану жөніндегі нұсқаулар:
Депрессиялық көріністер
- Ұсынылатын бастапқы доза – тәулігіне бір рет 10 мг. Доза пациенттің жекелей реакциясына байланысты ең жоғарыға – тәулігіне 20 мг-ге дейін арттырылуы мүмкін.
- Депрессияға қарсы әсері әдетте емдеуді бастағаннан кейін 2-4 аптадан соң дамиды. Депрессия симптомдары жоғалғаннан кейін алынған әсерді бекіту үшін емдеуді, ең кемінде, тағы 6 ай бойы жалғастыру қажет.
Агорафобиялы немесе онсыз үрейлі бұзылыстар
- Емдеудің алғашқы аптасы ішінде тәулігіне 5 мг доза ұсынылады, әрі қарай тәулігіне 10 мг дейін ұлғайтылады. Доза пациенттің жекелей реакциясына байланысты ең жоғарыға – тәулігіне 20 мг-ге дейін арттырылуы мүмкін.
Әлеуметтік үрейлі бұзылыс (әлеуметтік фобия)
- Ұсынылатын бастапқы доза – тәулігіне бір рет 10 мг. Симптомдардың айқындығы бәсеңдеуі әдетте 2-4 апта емдеуден кейін басталады. Пациенттің жекелей реакциясына байланысты доза соңынан тәулігіне 5 мг-ге дейін азайтылуы немесе ең жоғарыға – тәулігіне 20 мг-ге дейін арттырылуы мүмкін.
Жайылған үрейлі бұзылыс
- Ұсынылатын бастапқы доза – тәулігіне бір рет 10 мг. Доза пациенттің жекелей реакциясына байланысты ең жоғарыға – тәулігіне 20 мг-ге дейін арттырылуы мүмкін.
Обсессивті-компульсивті бұзылыс
- Ұсынылатын бастапқы доза – тәулігіне бір рет 10 мг. Доза пациенттің жекелей реакциясына байланысты ең жоғарыға – тәулігіне 20 мг-ге дейін арттырылуы мүмкін.