Элопрам® 20 мг №28

Шығарылу түрі:

Таблеткалар

Халықаралық патенттелмеген атауы:

Эсциталопрам

Қолданылуы:

  • ауырлығы орташа және ауыр дәрежедегі депрессиялық көріністер
  • агорафобиямен немесе онсыз үрейлі бұзылыстар
  • әлеуметтік үрейлі бұзылыс (әлеуметтік фобия)
  • жайылған үрейлі бұзылыс
  • обсессивті-компульсивті бұзылыс

Қолдану жөніндегі нұсқаулар:

Депрессиялық көріністер
  • Ұсынылатын бастапқы доза – тәулігіне бір рет 10 мг. Доза пациенттің жекелей реакциясына байланысты ең жоғарыға – тәулігіне 20 мг-ге дейін арттырылуы мүмкін.
  • Депрессияға қарсы әсері әдетте емдеуді бастағаннан кейін 2-4 аптадан соң дамиды. Депрессия симптомдары жоғалғаннан кейін алынған әсерді бекіту үшін емдеуді, ең кемінде, тағы 6 ай бойы жалғастыру қажет.
Агорафобиялы немесе онсыз үрейлі бұзылыстар
  • Емдеудің алғашқы аптасы ішінде тәулігіне 5 мг доза ұсынылады, әрі қарай тәулігіне 10 мг дейін ұлғайтылады. Доза пациенттің жекелей реакциясына байланысты ең жоғарыға – тәулігіне 20 мг-ге дейін арттырылуы мүмкін.
Әлеуметтік үрейлі бұзылыс (әлеуметтік фобия)
  • Ұсынылатын бастапқы доза – тәулігіне бір рет 10 мг. Симптомдардың айқындығы бәсеңдеуі әдетте 2-4 апта емдеуден кейін басталады. Пациенттің жекелей реакциясына байланысты доза соңынан тәулігіне 5 мг-ге дейін азайтылуы немесе ең жоғарыға – тәулігіне 20 мг-ге дейін арттырылуы мүмкін.
Жайылған үрейлі бұзылыс
  • Ұсынылатын бастапқы доза – тәулігіне бір рет 10 мг. Доза пациенттің жекелей реакциясына байланысты ең жоғарыға – тәулігіне 20 мг-ге дейін арттырылуы мүмкін.
Обсессивті-компульсивті бұзылыс
  • Ұсынылатын бастапқы доза – тәулігіне бір рет 10 мг. Доза пациенттің жекелей реакциясына байланысты ең жоғарыға – тәулігіне 20 мг-ге дейін арттырылуы мүмкін.