Домрид таб. 10мг №30
Шығарылу түрі:
Таблеткалар
Белсенді зат:
Домперидон
Қолдану көрсеткіштері
Жүрек айнуы мен құсу симптомдарын жеңілдету
Медициналық қолдану бойынша қысқартылған нұсқаулар
Домрид® таблеткалары препаратын медициналық қолдану бойынша қысқартылған нұсқаулық. Қолдану тәсілі және дозасы: Қабылдау ұзақтығы бір аптадан аспауы керек. Ересектер мен жасөспірімдер (12 жастан асқан, салмағы 35 кг - дан асатын) - 10 мг, күніне 3 реттен артық емес. Ең жоғары тәуліктік доза 30 мг. Қолдануға болмайтын жағдайлар: домперидонға немесе толтырғыштардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық, бауыр функциясының ауырлық дәрежесі ауыр және орташа бұзылуы, жүрек өткізгіштік аралықтарының ұзаруы, атап айтқанда QT диагнозы қойылған, электролиттік теңгерімнің елеулі бұзылулары немесе іркілісті жүрек жеткіліксіздігі сияқты жүрек аурулары бар пациенттерге, QT аралығы ұзаруы қаупінің белгілі факторы бар басқа дәрілік заттармен бір мезгілде қолдану, CYP3A4 күшті тежегіштерімен бір мезгілде қолдану, гипофиз пролактин-рилизинг ісігі (пролактинома), асқазан-ішектен қан кету, механикалық бітелуі немесе перфорация, онда асқазанның қозғалыстық функциясын стимуляциялау қауіпті болуы мүмкін, жүктілік және лактация кезеңі, 12 жасқа дейінгі балалар.