Домрид сусп.орал. 1мг/мл 60мл №1
Шығарылу түрі:
Суспензия
Белсенді зат:
Домперидон
Қолдану көрсеткіштері
Жүрек айнуы мен құсу симптомдарын жеңілдету
Медициналық қолдану бойынша қысқартылған нұсқаулар
Домрид® суспензиясы препаратын медициналық қолдану бойынша қысқартылған нұсқаулық. Қолдану тәсілі және дозасы: Дене салмағы 35 кг және одан астам ересектер мен 12 жастан асқан жасөспірімдер - 10 мг – ден-күніне 3 реттен асырмай. Препараттың ең жоғары тәуліктік дозасы - 30 мг. Дене салмағы 35 кг - дан аз 12 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер – дене салмағының әр кг-на 0,25 мг-күніне 3 реттен асырмай. Ең жоғары тәуліктік доза - тәулігіне дене салмағына қарай 0,75 мг / кг. Емдеу ұзақтығы 7 күннен аспауы тиіс. Қолдануға болмайтын жағдайлар: домперидонға немесе қосымша заттарға аса жоғары сезімталдық. Бауыр функциясының ауырлық дәрежесі ауыр және орташа бұзылуы. Жүрек өткізгіштік аралықтарының ұзаруы, атап айтқанда QT диагнозы қойылған, электролиттік теңгерімнің елеулі бұзылулары немесе іркілісті жүрек жеткіліксіздігі сияқты жүрек аурулары бар пациенттерге. Апоморфинді қоспағанда, QT аралығы ұзаруы қаупінің белгілі факторы бар басқа дәрілік заттармен бір мезгілде қолдану. CYP3A4 күшті тежегіштерімен бір мезгілде қолдану. Гипофиз пролактин-рилизинг ісігі (пролактинома). Асқазан-ішектен қан кету. Механикалық бітелуі немесе перфорация, онда асқазанның қозғалыстық функциясын стимуляциялау қауіпті болуы мүмкін.