Диклотол таб. 100мг №30

Шығарылу түрі:

Таблеткалар

Қолдану көрсеткіштері

Остеоартрит, ревматоидты артрит және шорбуынданатын спондилит кезіндегі ауырсыну мен қабынуды жеңілдету үшін

Медициналық қолдану бойынша қысқартылған нұсқаулар

Диклотол® таблеткалары препаратын медициналық қолдану бойынша қысқартылған нұсқаулық. Қолдану тәсілі және дозасы: Әдеттегі доза тәулігіне 2 рет 100 мг құрайды. Ұсынылған ең жоғары доза тәулігіне 100 мг-дан екі қабылданатын 200 мг құрайды (бір таблетка – таңертең, біреуі-кешке). Бауыр функциясының бұзылуында - тәулігіне 100 мг. Қолдануға болмайтын жағдайлар: - ацеклофенакқа немесе препараттың кез келген қосымша компоненттеріне аса жоғары сезімталдық; - қан түзілуі және коагуляция бұзылуы; - осыған ұқсас әсері бар препараттар (мысалы, ацетилсалицилаттар және басқа қабынуға қарсы стероидты емес дәрілер) бронх демікпесінің ұстамаларын, бронх түйілуін, жедел ринит немесе есекжемді, Квинке ісінуін туындататын пациенттерге; - асқазан-ішек жолдарының эрозиялық ойық жаралы зақымдануы немесе асқазан-ішектен қан кетуге күдік болуы; - жүрек жеткіліксіздігі (NYHA бойынша II-IV функционалдық класс), жүректің ишемиялық ауруы, шеткері артерия аурулары немесе цереброваскулярлық аурулар; - бауыр немесе бүйрек функциясының ауыр бұзылулары; - жүктілік және лактация кезеңі; - балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер.