Диклосейф супп. 100мг №10

Шығарылу түрі:

Ректальді суппозиторий

Белсенді зат:

Диклофенак

Қолдану көрсеткіштері

Aуқымы кең ауырулардағы кез келген дәрежедегі ауырсынуды және қабынуды жеңілдету

Медициналық қолдану бойынша қысқартылған нұсқаулар

ДИКЛОСЕЙФ®. Қолданылуы. Ауқымы кең аурулардағы кез келген дәрежедегі ауырсынуды және қабынуды жеңілдету, соның ішінде: артрит: ревматоидты артрит, остеоартрит, шорбуынданатын спондилит (Бехтерев ауруы), жедел подагра; периартрит (мысалы, иық-жауырын периартриті), тендинит, теносиновит, бурсит сияқты сүйек-бұлшықет жүйесінің аурулары; жарақаттың нәтижесі ретінде ауырсыну синдромының басқа түрлері, оның ішінде сүйектің сынуы, бел ауруы, байламдардың созылуы, шығып кетуі, ортопедиялық, стоматологиялық операциялар және басқа да кішігірім хирургиялық араласымдар. Қолдану тәсілі және дозасы. Симптомдарды бақылауға қажетті қысқа уақыт ішінде ең төмен тиімді дозаны қабылдау арқылы жағымсыз әсерлерді ең аз етуге болады. Тек ректальді енгізу үшін. Суппозиторийлерді тік ішекке енгізеді. Суппозиторийлерді дефекациядан кейін енгізу ұсынылады. Ересектер мен 15 жастан асқан жасөспірімдер – 1 суппозиторийді күніне бір рет, әдетте ұйықтар алдында енгізеді. Ең жоғары тәуліктік доза 150 мг-дан аспауы тиіс. Әртүрлі дәрілік түрлердің, мысалы таблеткалар мен суппозиторийлердің біріктірілуі мүмкін. Жеңіл және орташа бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер диклофенакты қолданғанда сақ болуы керек. Диклофенак жедел бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерге қарсы көрсетілімде. Жеңіл және орташа бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер диклофенакты қолданғанда сақ болуы керек. Жағымсыз әсерлері. Жиі (≥ 1/100, <1/10): бас ауруы, бас айналуы; жүрек айнуы, құсу, диарея, диспепсия, іштің ауыруы, метеоризм, тәбеттің төмендеуі; трансаминаза деңгейі жоғарылауы; тері бөртпесі. Қолдануға болмайтын жағдайлар: белсенді затқа немесе препараттың қосымша заттарына аса жоғары сезімталдық; анықталған іркілісті жүрек жеткіліксіздігі (NYHA II-IV), жүректің ишемиялық ауруы, шеткері артерия аурулары немесе цереброваскулярлық аурулар; өршу сатысындағы асқазан немесе ішектің ойық жаралары, қан кету немесе перфорация, бұрынғы ҚҚСП қабылдаумен байланысты өткерген асқазан-ішектен қан кету немесе перфорация; жедел немесе қайталанатын ойық жара ауруы / қан кету (анамнездегі анықталған ойық жараның екі немесе одан да көп эпизодтары немесе қан кетулер); бауыр, бүйрек немесе жүректің ауыр жеткіліксіздігі; бронх демікпесі ұстамалары, есекжем, ангионевроздық ісіну, жедел ринит ибупрофен, ацетилсалицил қышқылы немесе басқа ҚҚСП препараттарын қабылдаудан туындаған пациенттерге; проктит; жүктіліктің III триместрі; 15 жасқа дейінгі балалар. Дәрілік заттардың өзара әрекеттесуі. Диклосейфті Дигоксинмен, Литиймен, калий жинақтаушы диуретиктермен бір мезгілде қолдану қан плазмасындағы соңғыларының концентрациясын арттыруы мүмкін. Диклофенакты диуретиктермен және гипотензиялық препараттармен бір мезгілде қолданумен олардың гипотензиялық әсерін төмендетуі мүмкін. Сондықтан пациенттерде, әсіресе егде жастағыларда, бір мезгілде тағайындау кезінде АҚ үнемі өлшеп отыру керек. Пациенттер суды жеткілікті мөлшерде алуы керек, сонымен қатар бір мезгілде ем басталғаннан кейін, әсіресе нефроуыттылық қаупінің жоғарылауы салдарынан диуретиктермен және АӨФ тежегіштерімен біріктірілгенде бүйрек функциясын үнемі бақылап отыру керек. Қан кету болу қаупіне байланысты диклофенакты антикоагулянттармен және антиагреганттармен абайлап біріктіру қажет. Клиникалық зерттеулер диклофенакты пероральді диабетке қарсы дәрілермен бірге олардың клиникалық әсеріне ықпал етпестен қолдануға болатындығын көрсетті. Диклофенак бүйрек өзекшелеріндегі метотрексат клиренсін бәсеңдете алады, бұл метотрексат деңгейінің жоғарылауына әкеледі. Айрықша нұсқаулар. Жағымсыз әсерлерді симптомдарды бақылау үшін қажетті ең аз мерзімге ең аз тиімді дозаны қолдану арқылы ең аз етуге болады. Простагландиндер синтезінің тежелуі жүктіліктің барысына және шарананың жатырішілік дамуына теріс әсер етуі мүмкін. Егер ДИКЛОСЕЙФ® жүктілікті жоспарлайтын әйелде немесе жүктіліктің І триместрінде қолданылса, препараттың дозасы мүмкіндігінше төмен, ал емдеу ұзақтығы мүмкіндігінше қысқа болуы тиіс. Жүктіліктің ІІІ триместрінде простагландиндер синтезінің барлық тежегіштері шаранаға әсер етуі мүмкін. ДИКЛОСЕЙФ® жүктіліктің ІІІ триместрінде қарсы көрсетілімде. Басқа ҚҚСП сияқты, диклофенак емшек сүтіне аз ғана мөлшерде өтеді. Осыған байланысты, нәрестеге жағымсыз әсерін болдырмау үшін диклофенакты баланы емізу кезеңіндегі әйелдерге қолдануға болмайды. Басқа ҚҚСП сияқты, Диклофенак әйелдердің фертильділігіне теріс әсер етуі мүмкін, сондықтан жүктілікті жоспарлаған әйелдерге препаратты тағайындау ұсынылмайды. ҚҚСП емі кезінде көру қабілетінің бұзылуы, бас айналу, вертиго, ұйқышылдық, ОЖЖ тарапынан бұзылыстар, сылбырлық немесе қажығыштық болатын пациенттерге көлік құралдарын басқаруға немесе басқа механизмдермен жұмыс істеуге болмайды. Дәріханалардан босатылу шарттары. Рецепт арқылы.