Диклосейф форте эмул.2% 30 г. №1

Шығарылу түрі:

Эмульсиялық гель

Белсенді зат:

Диклофенак

Қолдану көрсеткіштері

Жарақаттануда, оның ішінде спорттан, сіңірлердің, байламдардың, бұлшықеттер мен буындардың зақымдануы кезінде (соғылу, созылу, шығып кетулер)
Буындардың ауырсынуында
Арқадағы ауырсынуында

Медициналық қолдану бойынша қысқартылған нұсқаулар

ДИКЛОСЕЙФ® ФОРТЕ Эмульсиялық гель, сыртқа қолдануға арналған 30 гр және 100 гр Құрамы: 23,2 мг диклофенак диэтиламині (20 мг натрий диклофенагына баламалы). Қолданылуы: келесі жағдайларда ауырсынуды, қабынуды және ісінуді жергілікті емдеу: - сіңірлердің, байламдардың, бұлшықеттер мен буындардың жарақаттық зақымдануларында (соғылулар, созылулар, шығып кетулер), арқа ауырсынуында - ревматизмнің локализацияланған түрлерінде: тендинитте, қолдың альгодистрофиялық синдромында, бурситте, периартритте - шеткері буындардың остеоартритінде Қолдану дәсілі және дозасы: 2-4 г гель күніне 2 рет жағылуы керек (дұрысы таңертең және кешке). Ең жоғары тәуліктік дозасы - 8 г. Емдеу ұзақтығы емнің көрсетілімдері мен тиімділігіне байланысты. Препаратты 14 күннен артық қолдануға болмайды. Жағымсыз әсерлері (сирек): Дерматит, бөртпе, эритема, экзема, терінің қышуы. Қолдануға болмайтын жағдайлар: - диклофенакқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық - демікпе ұстамалары, аллергиялық бөртпесі немесе жедел риниті ацетилсалицил қышқылымен (аспирин) немесе басқа да қабынуға қарсы стероидты емес препараттармен (ҚҚСП) қозуы мүмкін созылмалы демікпесі бар/онсыз пациенттер - жүктіліктің үшінші триместрі - 14 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер Айрықша нұсқаулар: Балаларға қолданылуы:14 жасқа дейінгі балаларға тағайындау қарсы көрсетілімде. Бірінші және екінші триместрде диклофенак аса қажеттілік туындаған жағдайда ғана тағайындалады. Дәріханалардан босатылу шарттары: рецептісіз