Дермазол супп. 400мг №10

Шығарылу түрі:

Қынаптық суппозиторий

Белсенді зат:

Кетоконазол

Қолдану көрсеткіштері

Жедел және созылмалы қайталанатын вульвовагиналды кандидоз организмнің төзімділігі төмендеген кезде және бактерияға қарсы дәрілермен және қынаптың қалыпты микрофлорасын бұзатын басқа препараттармен емдеу аясында қынаптың зеңдік инфекцияларының пайда болуының профилактикасы

Медициналық қолдану бойынша қысқартылған нұсқаулар

ДЕРМАЗОЛ®. Қолданылуы: жедел және созылмалы қайталанатын вульвовагинальді кандидозда; организмнің төзімділігі төмендегенде және бактерияға қарсы дәрілермен және қынаптың қалыпты микрофлораларын бұзатын басқа да препараттармен емдеу аясында қынаптық зеңдік инфекцияның пайда болуының профилактикасында. Жағымсыз әсерлері. Жағымсыз әсерлері сирек кездеседі және препаратты тоқтатқаннан кейін жылдам кетеді. Енгізген жердегі жалпы бұзылыстар мен бұзылулар: қынаптың тітіркенуі (қышыну, ашытуды сезіну, қызару). Қолдануға болмайтын жағдайлар: кетоконазолға немесе препараттың құрамындағы басқа заттарға жоғары сезімталдық; жыныстық өмір басталғанға дейінгі жасөспірімдік жас. Дәрілермен өзара әрекеттесуі. Кетоконазолды рифампицинмен және изониазидпен бір мезгілде қолданғанда плазмада кетоконазол концентрациясы төмендейді. Циклоспоринді, метилпреднизолонды, кумариндерді және кетоконазолды бір мезгілде қолдану плазмада соңғысының концентрациясын жоғарылатуы мүмкін. Кетоконазолмен қынаптық суппозиторий түрінде емдеген кезде бұл өзара әрекеттесудің тәжірибелік мәні белгісіз. Айрықша нұсқаулар. ДЕРМАЗОЛ® қынаптық суппозиторийін түнге қарай қолдану ұсынылады, Кетоконазолды қынап ішіне қолдану кезінде жүйелік сіңуі өте төмен болғанымен ДЕРМАЗОЛ® жүктіліктің I триместрінде қолданылмайды. II-III триместрде және емшек сүтімен емізу кезінде препарат ана үшін күтілетін пайда ұрық пен нәресте үшін ықтимал қауіптен астам болған кезде ғана қолданылады. Кетоконазол қынаптық суппозиторийлер көлік құралын немесе басқа механизмдерді басқару қабілетіне әсер етпейді. Дәріханалардан босатылу шарттары. Рецептісіз