Дермазол cусабын 50мл №1

Шығарылу түрі:

Сусабын

Белсенді зат:

Кетоконазол

Қолдану көрсеткіштері

Бастың түкті бөлігі терісінің зеңдік ауруларының емі және профилактикасы (қайызғақ, себореялық дерматит)
Кебек тәрізді теміреткі

Медициналық қолдану бойынша қысқартылған нұсқаулар

Дермазол® сусабыны препаратын медициналық қолдану бойынша қысқартылған нұсқаулық. Қолдану тәсілі және дозасы: сусабын бастың түкті бөлігіне жағылады және 3-5 минутқа қалдырылады, содан кейін сумен жуылады. Себореялық дерматитті емдеу үшін сусабын аптасына 2 рет 2-4 апта бойы қолданылады. Кебек тәрізді теміреткіде -тәулігіне 1 рет, емдеу курсы 5 күнді құрайды. Кебек тәрізді теміреткінің профилактикасы үшін - тәулігіне 1 рет 3 күн ( жаздың басында бір реттік курс); себореялық дерматит және қайызғақ - 2 аптада 1 рет. Қолдануға болмайтын жағдайлар: препараттың кез-келген компоненттеріне жоғары сезімталдық. Айрықша нұсқаулар: Дермазол тек сыртқа қолдануға арналған. Балаларға қолданылуы: дәрігердің ұсынысы бойынша себореялық дерматитті, атопиялық дерматитті емдеу үшін балаларда Дермазол сусабынын қолдануға болады. Дермазол сусабыны жүктілік және емшек сүтімен емізу кезінде қолданылуы мүмкін.