Дермазол крем 2% 15г №1
Шығарылу түрі:
Крем
Белсенді зат:
Кетоконазол
Қолдану көрсеткіштері
Сезімтал микроорганизмдерден туындаған терінің зеңдік зақымдануын емдеу: тегіс терінің дерматомикозы, қол басы мен табанның эпидермофитиясы, шаптың эпидермофитиясы, терінің кандидозы, кебек тәрізді теміреткі, себореялық дерматит
Медициналық қолдану бойынша қысқартылған нұсқаулар
Дермазол® кремі препаратын медициналық қолдану бойынша қысқартылған нұсқаулық. Қолдану тәсілі және дозасы: терінің кандидозы, терінің дерматомикозы, қол мен аяқтың эпидермофитиясы, шаптың эпидермофитиясы және кебек тәрізді теміреткі үшін күніне 1 рет терінің зақымдалған бетіне Дермазол кремін жағу ұсынылады. Себореялық дерматит кезінде Дермазол кремі зақымдалған бөлікке күніне 1 немесе 2 рет жағылады. Табанның дерматофитиясын емдеудің әдеттегі курсы 2-6 апта (шап эпидермофитиясы - 2-4 апта), кандидамикоздар - 2-3 апта, кебек тәрізді теміреткі - 2-3 апта. Қолдануға болмайтын жағдайлар: препараттың компоненттеріне жоғары сезімталдық. Айрықша нұсқаулар: крем тек сыртқа қолданылады. Қолдану тәжірибесінің жеткіліксіздігіне байланысты жүктілікте және емшек сүтімен емізу кезінде кремді сақтықпен қолдану керек