Конфундус таб. 250мг + 25мг №100

Шығарылу түрі:

Таблеткалар

Белсенді зат:

Леводопа + Карбидопа

Қолдану көрсеткіштері

Паркинсон ауруы мен паркинсонизм синдромын емдеу үшін

Медициналық қолдану бойынша қысқартылған нұсқаулар

Конфундус® таблеткалары препаратын медициналық қолдану жөніндегі қысқартылған нұсқаулық.
Дозалау режимі: Дозалаудың оңтайлы режимін дәрігер көрсетілімдерге, пациенттің жасына және клиникалық жағдайға байланысты анықтайды (медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулықтың толық нұсқасын қараңыз (сілтеме). Қолдануға болмайтын жағдайлар:
- белсенді заттарға немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
- МАО селективті емес тежегіштерімен бір мезгілде қолдану (Б типті моноамин-ксидазаның жекелеген тежешітерінің ұсынылған дозаларын қоспағанда, мысалы, селегилин гидрохлориді)
- жабықбұрышты глаукома
- меланома немесе анамнезінде меланоманың болуы
- терінің этиологиясы белгісіз аурулары
- бауырдың және бүйректің ауыр жеткіліксіздігі
- ауыр психоздар
- жүктілік, лактация кезеңі
- балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер