Клофан супп.ваг. 500мг №1
Шығарылу түрі:
Қынаптық суппозиторий
Белсенді зат:
Клортимазол
Қолдану көрсеткіштері
Candida және/немесе Trichomonas vaginalis (кандидозды вульвовагинит, трихомониаз) тектес ашытқы тәрізді зеңдерден туындаған гениталия инфекциялары
Медициналық қолдану бойынша қысқартылған нұсқаулар
КЛОФАН®. Қолданылуы: Candida тектес ашытқы тәрізді зеңдерден туындаған инфекциялар (кандидозды вульвовагинит). Қолдану тәсілі және дозасы (супозиторий): Тек қынап ішіне қолдануға арналған. Бір суппозиторий 500 мг кешке, ұйықтар алдында енгізілу керек; қынаптық суппозиторий аяқты сәл бүккен күйде, шалқасынан жатып қынапқа мүмкіндігінше терең енгізіледі. Препарат бір рет қолдануға арналған. Қажетіне қарай емдеу курсын қайталауға болады. Қолдану тәсілі және дозасы (крем). Гельмен толтырылған аппликатор (5 г жуық) ұйықтар алдында аяқты сәл бүккен күйде, шалқасынан жатып қынапқа терең енгізіледі. Емдеу курсы 1 күн. Қажетіне қарай емдеуді қайталауға болады. Препаратты қолдануда ескеру керек: 1. Поршень А түбіне дейін жылжытылу керек. Сықпадағы кремді аппликаторға В саласыз. 2. Ішінде кремі бар аппликаторды қынап ішіне ыңғайына қарай барынша терең етіп мұқият қоясыз. (Бұны аяқты жоғары қаратып тізеден бүккен күйде шалқадан жатып жасаған дұрыс.). 3. Поршеньді түбіне дейін жылжытып басасыз, қынапқа кремді осылай енгізесіз. Аппликаторды алып тастаңыз. 4. Қолданып болған соң аппликаторды лақтырып тастаңыз. Жағымсыз әсерлері. Жиілігі белгісіз: жыныс мүшелері аумағындағы терінің қабыршақтануы, қышыну, бөртпе, ісінулер, эритема, жайсыздық, күйдіру сезімі, тітіркендіру. Қолдануға болмайтын жағдайлар: жүктіліктің бірінші триместрі; лактация кезеңі; 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер. Дәрілермен өзара әрекеттесуі. Бірге қолданған кезде препарат латексті контрацептивтердің зақымдалуына әкелуі мүмкін. Сондықтан мұндай ұрықтануға қарсы заттардың тиімділігі төмендеуі мүмкін. Пациенттерге осы өнімді қолданғаннан кейін кем дегенде бес күн ішінде баламалы сақтық шараларын қолдану ұсынылады. Айрықша нұсқаулар. Егер жергілікті қышыну, қабыну және т. б. осы сияқты симптомдар болса, жыныстық серіктес те емделуі тиіс. Жүктілік және бала емізу. Препарат жүктіліктің I триместрінде қарсы көрсетілімде. Жүктіліктің II және III триместрлерінде препарат тек дәрігердің тағайындауы бойынша қолданылады. Препаратты қолдану қажет болған жағдайда бала емізуді тоқтату керек. Дәріханалардан босатылу шарттары. Рецептісіз.