Клофан крем 1% 20г
Шығарылу түрі:
Крем
Белсенді зат:
Клортимазол
Қолдану көрсеткіштері
• көгерткі зеңдерден және басқа зеңдерден туындаған (мысалы, Trichophyton түрі) барлық дерматомикоздар
• ашытқы зеңдерден туындаған (Candida түрі) барлық дерматомикоздар
• ашытқы (оның ішінде Сandida), көгерткі, басқа зеңдерден немесе қоздырғыштардан туындаған, белсенді компонентке сезімтал, салдарлы инфекциясы бар тері аурулары
• кандидозды базданулар, вульвит және баланит
Медициналық қолдану бойынша қысқартылған нұсқаулар
Қолдану тәсілі және дозасы:
Кремді күніне 2-3 рет терінің алдын-ала тазартылған және құрғатылған зақымдалған бөліктеріне жұқа қабатпен және абайлап сылап жағады. Емдеу ұзақтығы аурудың ауырлығына, патологиялық өзгерістердің орнына және емнің тиімділігіне байланысты.
Дерматомикоздарды емдеуді кемінде 4 апта, кебек тәрізді теміреткіні -1-3 апта жүргізеді. Аяқ терісінің зеңдік ауруларында емді ауру симптомдары жойылғаннан кейін де тағы кемінде 2 апта бойы жалғастыру ұсынылады.
Қолдануға болмайтын жағдайлар:
• Әсер етуші затқа немесе қосымша заттарының кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
• Балалар мен егде жастағы адамдар үшін дозалаудың бөлек режимі болмайды.
• Жүктілік және емшек емізу кезеңінде сақтықпен қолдану керек